Дәрістер
5 дәріс. Қызметкерлерге берілетін сыйақылар (ХҚЕС 19) мен Зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) бойынша есеп жəне
есептілік (ХҚЕС 26)
5.1 ХҚЕС 19 қолдану саласы. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар
ХҚЕС 19 қолдану мақсаты қызметкерлерге берілетін сыйақылары туралы ақпаратты ашу мен есеп беру ережелерін орнату болып табылады.
Қызметкерлерге берілетін сыйақы – ұйымның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлерін қосып, өзіне келесі категориялардан тұрады:
- қысқа мерзімді сыйақылар;
- еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
- басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар;
- демалыс жәрдемақылары;
- үлестік құралдарымен төленетін компенсациялары.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар –қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы. Осы тізімге демалыс жәрдемақылары және үлестік құралдарымен төленетін компенсациялары кірмейді.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар ақшалай және ақшалай емес деп бөлуге болады.
Ақшалай қысқа мерзімді сыйақыларына еңбек ақы, әлеуметтік қамсыздандыруға төлемдері, жыл сайынғы демалыс жәрдемақылары, пайдаға қатысу, сыйақылары және т.б. жатады.
Ақшалай емес қысқа мерзімді сыйақыларына медициналық қызмет ету, тұрғын үймен, көлікпен қамтамасыз ету, тегін берілетін немесе дотациялық тауарлар және т.б. жатады.
Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (оған демалыс жәрдемақылары және үлестік құралдарымен төленетін компенсациялары қосылмайды).
Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуге тиісті емес қызметкерлерге берілетін сыйақы болып табылады (оған еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақылары қосылмайды).
Басқа да ұзақ мерзімді сыйақылары келесіні білдіреді:
- ұзақ жұмыс қызметі бар қызметкерлері үшін демалыс жәрдемақылары;
- шығармашылық демалыс жәрдемақылары;
- еңбек сіңірген жылдары үшін мерейтой немесе басқа да сыйақылар;
- еңбекке уақытша жарамсыздық жәрдемақылары;
- табысқа және сыйлықақыларға қатысу;
- мерзімі кейінге қалдырылған сыйақы.
Демалыс жәрдемақылары қызметкерлердің сыйақылары ретінде сипатталып, келесілер нәтижесінде пайда болады:
- ұйымда зейнетақы жасына жетуіне дейін қызметкерді жұмыстан шығару шешімі;
- осындай жәрдемақы үшін қызметкермен жұмыстан шығудың еркін шешімі.
Үлестік құралдарымен компенсациялық төлемдері ұйыммен шығарылған қаржылық құралдарды алу құқығы бар қызметкерлерге беріледі. Ұйым міндеттемелерінің көлемі шығарылған үлестік қаржылық құралдарының болашақтағы бағасына байланысты болады.
Отандық бизнестегі ең көп тараған мен елеулі сыйақылардың категориясы ретінде қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар жатады:
- еңбек ақы және әлеуметтік қамсыздандыру төлемдері;
- жұмыста болмауынан кезең аяқталуынан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс болған жағдайда қысқа мерзімді өтемақылары (жыл сайынғы төленетін жәрдемақылары мен ауру бойынша жәрдемақылары);
- кезең аяқталуынан кейін 12 ай ішінде төленуі тиісті табысқа және сыйлықақыларға қатысу;
- ақшалай емес формасындағы сыйақылары (медициналық қызмет ету, тұрғын үймен, көлікпен қамтамасыз ету, тегін берілетін немесе дотациялық тауарлар және т.б.)
Қысқа мерзімді сыйақылар қарапайым есеп элементтері болып табылады: міндеттемелер немесе шығындарды бағалау кезінде актуарлық жорамалдар қолдануын қажет етпейді және де міндеттемелер есептелмейді.
Активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа ХҚЕС сол сыйақылар сомаларын есептемегенде шығыс ретінде (мысалы, 2 Босалқылар ХҚЕС (IAS) және 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ХҚЕС (IAS) ) қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс. Осылай, еңбек ақы мен мемлекеттік бюджеттік емес қорларға төлемдері сәйкесінше жұмыс істелінген уақыты үшін есептеліп, сол уақытта ағымдағы міндеттемелерді тануды қарастырады.
Қысқа мерзiмдi төленетін рұқсатнамалар. Оларға келесі негізгі жағдайлар жатады:
- жыл сайынғы өтелетін негізгі демалыс;
- ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығынан болмауы;
- бала бағу үшін демалыс.
ХҚЕС 19 cәйкес қысқа мерзiмдi төленетін рұқсатнамалар жинақталатын және жинақталмайтын болып екіге бөлінеді.
Жинақталмайтын төленетін рұқсатнамалар кезінде компания жұмыста болмау фактісі пайда болғанда ғана шығындарды тануы керек.
Жинақталмайтын төленетін рұқсатнамалар егер де қызметкер оларды пайдаланбаса болашақтағы кезеңге ауыспайды. Қызметкерде мұндай рұқсатнамаларды қолданбауынан ақшалай төледерді, сонымен, ұйымнан шығуы кезінде алуға құқығы жоқ.
Жинақталмайтын төленетін рұқсатнамалардың мысалы ретінде ауру бойынша төлемдері жатады.
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ сәйкес, қызметкерлерге – сақтандырылған тұлғаларға еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы кепілдендіріледі.
Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы – қызметкермен ауру немесе жарақат алу себебінен уақытша жұмыста болмауынан жоғалтқан еңбек ақыны өтейтін жұмыс беруші мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаттарынан төлемдерді берудің негізі ретінде қабілетсіздік парағы болып табылады.
ХҚЕС 19 мақсатына қарай еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты төленетін қысқа мерзімдік жұмыста болмаулар ретінде сыныпталады. Олар бойынша шығындарын ұйым жұмыста болмау фактілері болғанда тану қажет.
Төленетін рұқсатнамаларға бала асырап алған және бала күтімі бойынша демалыс жатады (Еңбек кодексінің 99 бабы).
Жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланылмаған болса, мерзімі кейінгіге жылжытылып, келесі кезеңдерде пайдалануға болады.
Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін.
Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады.
Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады.
Ұйым жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс (16 бап ҚХЕС 19).
Жинақталатын рұқсаттамалары екі түрге бөлінеді:
- компенсациялық -қызметкерлер ұйымнан шығуы кезінде қолданбаған рұқсаттамалар бойынша ақшалай төледерді алуға құқығы бар.
- компенсациялық емес -қызметкерлер ұйымнан шығуы кезінде қолданбаған рұқсаттамалар бойынша ақшалай төледерді алуға құқығы жоқ.
Жинақталатын компенсациялық рұқсаттамалар болашаққа ауыстырып, келесі кезеңдерде егер де олар ағымдағы кезеңдерде толық қолданылмаған жағдайда қолданулуы мүмкін.
ХҚЕС 19 сәйкес негізгі төленетін демалыс жинақталатын компенсациялық рұқсаттамалар категориясына жатады.
Еңбек кодекстің 87 бабына сәйкес жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
2) әлеуметтік демалыстар.
Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:
1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;
2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.
Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттарда жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
1) жалақы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;
4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болған кезең еңбек қызметіне есептеледі.
Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
5.2 Тану және бағалау. Қысқа мерзiмдi төленетін рұқсатнамалар. Пайдаға және сыйлықақы жүйесіне қатысу
Ұйым пайдаға және сыйлықақы жүйесіне қатысу бойынша күтілетін шығындарды келесі жағдайда ғана таниды:
- ұйымның ағымдағы шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар болғанда;
- міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда.
Пайдаға қатысудың кейбір жоспарлары бойынша қызметкерлер белгіленген кезең ішінде ұйымда жұмыс істеуге қалған жағдайда ғана пайда үлесін алады. Осындай жоспарлар, егер қызметкерлер белгіленген кезең аяқталғанға дейін ұйымда жұмысын жалғастырып, олар төлеуге тиісті соманы ұлғайтатын қызметтерді көрсеткендіктен, жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты жүктелген міндеттемені бағалау кейбір қызметкерлердің тиісті пайда үлесінсіз жұмыстан кету мүмкіндігін ескереді.
Ақпаратты ашу.
ҚХЕС 19 қызметкерлерге берілетін сыйақылар бойынша ақпаратты арнайы ашуды көзделмесе де, оны басқа стандарттар талап етеді:
- ҚХЕС (IAS) 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету»;
- ҚХЕС (IAS) 1 «Қаржы есептілігін ұсыну».
Басқа да ұзақ мерзімді қызметкерлерге сыйақылар келесіні қосады:
- жұмыс өтілі үлкен қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе шығармашылық демалыс сияқты ұзақ мерзімді ақылы демалыстар;
- еңбек сіңірген жылдары үшін мерейтой немесе басқа да сыйақылар;
- еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар;
- табысқа және сыйлықақыларға қатысу; және
- мерзімі кейінге қалдырылған сыйақы.
Қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны бағалау сияқты әдетте сол өзге де ұзақ мерзімді сыйақысын бағалау белгісіздік дәрежесінде расталмаған.
ҚХЕС 19 cәйкес өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларды есепке алудың оңайлатылған әдісін қолдануды талап етеді. Оңайлатылған әдіс келесіні қосады:
Актуарлық пайдалар мен шығындар дереу танылып, елеулік бойынша дәліз критериі қолданылмайды.
Басқа қызметкерлерге берілетін сыйақылар бойынша танылған міндеттемелердің көлемі келесі мәндер арасында айырма негізінде анықталады:
- есепті күнге келетін дисконтталған міндеттемелердің құны;
- және де міндеттемелерді өтеу мақсатында есепті күнге келетін активтердің әділ құны.
Ұйым өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға қатысты шығыс немесе табыс ретінде төменде көрсетілген баптардың жиынтық таза шамасын тануға тиіс, басқа Халықаралық қаржылық есептілігіктің стандарты талап ететін немесе мына активтің өзіндік құнын қамтуға рұқсат ететін басқа баптарды қоспағанда:
- ағымдағы қызметтердің құны;
- белгіленген таза міндеттеменің төлеміндегі таза пайыздық табыс;
- белгіленген таза сыйақы міндеттемесінің қайта бағалануы.
Қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақылардың нысандарының бірі ұзақ мерзімге еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы болып табылады. Егер жәрдемақының мөлшері еңбек қызметінің ұзақтығына тәуелді болса, міндеттеме қызмет көрсету сәтінде туындайды. Осы міндеттемені бағалау төлемді жүзеге асыру талап етілетіндігі және төлем жасалатын уақыт мерзімі ықтималдығын көрсетеді. Егер кез келген еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін, еңбек өтіліне қарамастан, сыйақы деңгейі бірдей болса, осы сыйақыларды төлеуге жұмсауға күтілетін шығын ұзақ мерзімге еңбекке жарамсыздығын тудырған оқиға болған кезде танылады.
Ұзақ мерзімді қабілетсіздік.
Егер де сыйақының көлемі жұмыс өтіліне байланысты болса, онда ұйым/сала шеңберінде төлем жасалу ықтималдылығын бағалау негізінде есептеу жасалады.
Егер сыйақының көлемі жұмыс өтіліне тәуелсіз еңбекке қабілетсіз әр қызметкерге қатысты бірдей болса, онда бұл сыйақыларды төлеу шығындары ұзақ мерзімді еңбекке қабілетсіздік оқиға болғанда танылады.
Ақпаратты ашу.
ҚХЕС 19 қызметкерлерге берілетін басқа да сыйақылар бойынша ақпаратты арнайы ашуды талаптар қоймаса да, басқа да стандарт оны талап етуі мүмкін. Мысалы, есепті кезеңдегі қаржылық нәтижелердегі өзгерістерді пайда болған шығындар түсіндірсе (ҚХЕС 8).
ҚХЕС (IAS) 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» cәйкес басқарушылар үшін ұзақ мерзімді сыйақылары туралы ақпаратты ашу қажет.
Демалыс жәрдемақылары.
ҚХЕС 19 сәйкес демалыс жәрдемақыларын қызметкерлердің сыйақылардан жеке қарастырады, өйткені, міндеттеменің пайда болуы қызметкердің жұмысы аяқталуынан болып отыр.
Тану.
Ұйымның демалыс жәрдемақылары міндеттемелер мен шығындары ретінде тану қажет, егер де келесімен байланысты тұрақты міндеттемелер болса:
- қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін ұйымның шешімімен жұмыстан шығарса;
- қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығу ұсынысын қабылдады.
Кейбір қызметкерлер бойынша сыйақылар жұмыстан шығару себептеріне тәуелсіз төленуі тиіс. Мұндай сыйақылар түрі анықталған болып (кепілдендірілген зейнетақы алу шарттарын орындаудан тәуелді және де қызмет жасаудың ең аз ұзақтығы), бірақ та, төлемдер анықталмаған болып табылады.
Кейбір елдерде мұндай сыйақыларды келісім шартты тоқтату залалдарды өтеу кепілдігі немесе компенсациясы деп аталады. Олар еңбек қызметін тоқтату сыйақыларына (демалыс жәрдемақысына емес) жатады, сондықтан, ұйым оны еңбек қызметін тоқтату сыйақылары жатады.
Міндеттеніп жұмыстан шығарылған қызметкерлерге қосымша төленген сыйақылары демалыс жәрдемақысы ретінде танылады.
Бағалау.
Демалыс жәрдемақылары есепті күнінен 12 ай өткенінен кейін төленуге тиіс болып, міндеттемелерді бағалау сәйкесінше дисконттың пайызын қолдану арқылы анықталады.
Егер де қызметкерлерге еркін түрде жұмыстан шығу ұсынысы жасалса, демалыс жәрдемақысының көлемін бағалау негізі ретінде мұндай шарттарды орындайтын қызметкерлердің саны көрсетілуі тиіс.
Ақпаратты ашу.
Егер де қызметкерлердің белгілі бір саны еркін түрде жұмыстан шығу ұсынысын орындаса, шартты міндеттемелері пайда болады. ҚХЕС 37 cәйкес егер де міндеттемелерді жабумен байланысты ақша ағындарының шығу ықтималдылығы төмен болса, онда ұйым шартты міндеттемелер жөнінде ақпаратты ашады.
ҚХЕС 37 талаптарына сәйкес ұйым демалыс жәрдемақы сомасын мен сипатын ашу қажет, бірақ та, егер де есепті кезеңдегі ұйымның нәтижелерін ашу қажеттілігі болса.
ҚХЕС 24 талаптары бас мамандары мен басшылары бойынша демалыс жәрдемақылары жөнінде ақпаратты ашуы тиіс.
Үлестік құралдарымен компенсациялық төлемдері келесі сыйақыларды өзіне қосады:
- қызметкерлер үшін әділ құнынан төмен шығарылған акциялары, опциондар, басқа да үлестік құралдар;
- есеп беруші ұйымның болашақтағы нарық бағасына негізделген ақша төлемдері.
5.3 ҚХЕС 26 қолдану саласы. Зейнетақы жоспарлары. Зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік мазмұны. Жоспар активтерін бағалау. Зейнетақымен қамсыздандыру жоспарлары бойынша ақпаратты ашу.
ҚХЕС 26 сәйкес, Зейнетақы жоспарлары – қызмет аяқталарда немесе ол аяқталғаннан кейін ұйым өз қызметкерлеріне солар бойынша зейнетақы беретін (не жылдық табыс түрінде, не біржолғы төлем түрінде) келісімдер, бұл ретте мұндай зейнетақылар жұмыс берушінің олардағы жарналар сияқты ұсынылған құжаттар бойынша да, сол сияқты ұйымда қабылданған практика негізінде де зейнеткерлікке шыққанға дейін күні бұрын белгіленуі немесе есептелуі мүмкін.
Зейнетақы жоспарлары екі түрде қарастырылады:
- белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары;
- белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары.
Сонымен бірге екі түрдегі сипаттамаларды өзіне қосатын жоспарлар ұйымдастырылуы мүмкін. ҚХЕС 26 орнатылған төлемдерімен зейнетақы жоспары ретінде аралас жоспарларды қарастырады.
Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары.
Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары –төленуге тиіс зейнетақы мөлшерлері зейнетақы қорына төленетін жарналар мен осы жарналарға түсетін пайда негізінде айқындалатын зейнетақымен қамсыздандыру жоспарлары.
Қатысушылар жоспар қызметіне мүдделі болады, өйткені бұл қызмет олардың келешектегі зейнетақыларының деңгейіне тікелей əсер етеді. Қатысушылар сондай-ақ зейнетақы қорына жарналардың түсуіне жəне бенефициарлардың құқығын қорғау үшін тиісінше бақылаудың жүзеге асырылуына қатысты ақпарат алуға мүдделі. Өз кезегінде, жұмыс беруші жоспардың тиімді жəне ықтиятты орындалуына мүдделі болады.
Зейнетақымен байланысты барлық тәуекелділіктері қызметкерге салынады, нақтыласақ, келесі тәуекелділіктерді көруге болады:
- қызметкер алатын зейнетақы жарналары күтілетін зейнетақылардан төмен болуынан болатын актуарлық тәуекелділік;
- зейнетақы қорларға аударылатын қаражаттары күтілетін зейнетақы сыйақыларды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болуына байланысы инвестициялық тәуекелділік.
Зейнетақы қорлары бойынша қызметкерлердің еңбек қызметінің аяқталуынан кейін берілетін компенсациялық төлемдері ұйыммен және де қызметкермен зейнетақы қорға аударымдарымен және де бұл қорда салынған ақша қаражаттарын қолданудан алынған пайданың көлемімен анықталады.
Еңбек қызметінің аяқталу сыйақыларға келесі баптар қосылады:
- зейнетақы;
- өмірді сақтандыру мен медициналық қызмет сияқты басқа еңбек қызметінің аяқталу сыйақылары.
ҚХЕС 19 қызметкерлер тобының зейнетақы жоспарлары, мемлекеттік зейнетақы жоспарлары, сақтандыру жоспарлары туралы ерекшеліктерін мен сипаттамасын ашады.
Мемлекеттік зейнетақы жоспарлары.
Ұйым жұмыс берушілер тобының бағдарламасы сияқты мемлекеттік зейнетақы бағдарламаны есепке алуы қажет.
Көптеген мемлекеттік зейнетақы бағдарламалары ағымдағы міндеттемелердің пайда болуымен байланысты қаржыландырылады: жарналар зейнетақыны төлеу үшін қажетті деңгейінде орнатылады. Ағымдағы кезеңде табыс алынған болашақтағы зейнетақылары болашақтағы жарналардан төленеді.
Көптеген мемлекеттік зейнетақы бағдараламалары бойынша ұйым болашақтағы зейнетақы міндеттемелерін өзіне қоспайды: жалғыз міндеттеме ретінде төлемдердің мерзімі келуімен қатар жарналарды төлеу міндеттемесі жатады. Егер де ұйым мемлекеттік зейнетақы бағдарлама бойынша қатысушыларды алуды аяқтаса, онда бұл ұйымда зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру міндеттері пайда болмайды.
Бұл себеп бойынша мемлекеттік зейнетақы бағдарламалары көбінесе белгіленген жарналарымен бағдарламалары ретінде қарастыралады.
Зейнетақы жарналарды сақтандыру.
Ұйым еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдер жоспарын қаржыландыру үшін сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Ұйым өзінде мынадай заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелер (тікелей немесе жоспар арқылы жанама) туындаған жағдайдан басқа кездері жарналары белгіленген жоспар сияқты жоспарды қарауға тиіс:
- сыйақыны төлеу мерзімдері басталған кезде қызметкерлерге тікелей сыйақы төлеу;
- қызметкердің ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі қызметіне қатысты қызметкерге есептелген болашақтағы сыйақыны сақтандырушы төлемеген жағдайда қосымша жарналар төлеу.
Егер ұйым осы сияқты заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын болса, төлемдер белгіленген жоспарға ұқсас жоспардың есебін жүргізуге тиіс.
Сақтандыру келісімшартын жасау арқылы сақтандырылған сыйақы ұйымның сыйақы міндеттемелерімен тікелей немесе автоматты түрде байланысты болуы керек емес. Сақтандыру шарттарын көздейтін еңбек қызметінің аяқталуына байланысты төлемдер жоспарына қатысты өзге де белгіленген сыйақы жоспарларына қатысты сияқты белгілеу және есепке алу жүйелері арасындағыдай айырма қолданылады.
Мұндай келісімдер бойынша бекітілген сақтандыру жарналары қызметкерлерге зейнетақы төлемдерді төлеу міндеттемелерді орындау ретінде қарастырылады.
Осының нәтижесінде ұйымда актив те және міндеттеме де болмайды. Жалпы айтқанда, ұйым мұндай жарналарды бекітілген жарналары зейнетақы бағдарламасына төлемдері ретінде есепке алады.
Бекітілген жарналармен бағдарламалар есебі қарапайым болып, өйткені, әр кезенінің міндеттемелері кезеңдегі жарналардың көлемінде анықталады.
Белгіленген жарналары бар жоспарды есепке алу өте қарапайым, өйткені есеп беретін ұйымның міндеттемесі әрбір кезең үшін осы кезеңдегі жарналардың мөлшерінде айқындалады. Осыған орай міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін актуарлық жорамалдар талап етілмейді және ұйымның ешқандай актуарлық пайда немесе шығынды алу мүмкіндігі болмайды. Оған қоса міндеттемелер, қызметкерлер тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 айдың ішінде толық көлемде орындауға жатпайтын жағдайларды қоспағанда, дисконтталмаған негізде бағаланады. Мұнда кәсіпорын ещқандай актуарлық пайда немесе залал алудың мүмкіндігін алмайды.
Міндеттемелер дисконталған емес негізде бағаланады (қызметкерлер қызмет көрсету кезеңінен кейінгі 12 айда толық көлемде орындалмаған жағдайларды ескермегенде).
Жоспар активтерін бағалау
Зейнетақы жоспарының инвестициялары əділ құн бойынша есепке алынуы тиіс. Нарықтық бағалы қағаздар жағдайында нарықтық құн əділ құн болып табылады. Зейнетақы жоспарының əділ құнды бағалау мүмкін емес инвестициялары болған жағдайда, əділ құнның пайдаланылмау себебі ашып көрсетілуі тиіс.
Нарықтық бағалы қағаздарға қатысты əділ құн болып, əдетте, кезең ішіндегі инвестициялық қызметтің есептілігі мен нəтижелерін жасау күнгі бағалы қағаздарды бағалаудың барынша дұрыс өлшемі ретінде олардың нарықтық құны қабылданады.
Сатып алудың тіркелген құны бар жəне жоспар немесе оның нақты бөліктері бойынша міндеттемелерді теңгеру мақсатында алынған бағалы қағаздарды өтеу мерзімі басталғанға дейін тұрақты табыс болған жағдайда, олардың сатып алынған соңғы құнына негізделген шамада есепке алуға болады. Мысалы, ұйымға толық иелік ету сияқты, зейнетақы жоспары инвестицияларының əділ құнын алуға мүмкіндік жоқ болған жағдайларда əділ құн пайдаланылмайтын себеп ашып көрсетіледі.
Сол секілді нарықтық немесе əділ құны бойынша есепке алынбайтын инвестициялар үшін де əділ құн, əдетте, ашып көрсетіледі. Қор операцияларында пайдаланылған активтер тиісті Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарында баяндалған тəртіппен есепке алынады.
Ақпаратты ашып көрсету.
Зейнетақы жоспары бойынша есептілікте, төлемдері белгіленген немесе жарналары белгіленген жоспар болсын, мынадай ақпарат болуға тиіс:
- зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептілік;
- есеп саясатының айтулы элементтерінің жиынтығы; жəне
- жоспарды жəне кезең ішінде жоспарға енгізілген кез келген өзгерістердің əсерін сипаттау.
Зейнетақы жоспарлары бойынша есептер, егер қолданылуға келсе, мынадай ақпаратты қамтиды:
1) зейнетақы жоспарына тиісті таза активтері туралы есептеме:
- кезең соңындағы жағдай бойынша тиісті түрде жіктелген активтер;
- активтерді бағалау əдісі;
- зейнетақы жоспарының таза активтерінің 5%-нан, не кез келген кластағы немесе үлгідегі бағалы қағаздардың жалпы құнының 5%-нан асатын əрбір жеке инвестиция туралы егжей-тегжейлі мəліметтер;
- жұмыс берушіге салынған əрбір инвестиция туралы егжей-тегжейлі мəліметтер; жəне
тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнынан өзгеше міндеттемелер.
2) зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептілік, онда мыналар көрсетіледі:
- жұмыс берушінің салымдары;
- қызметкердің салымдары;
- пайыздар мен дивидендтер тəрізді инвестициялық кіріс;
- басқа да кіріс;
- төленген немесе төленуге тиіс зейнетақылар (санаттары бойынша талданған, мысалы, қартаюы бойынша, қайтыс болуы себепті, еңбекке жарамсыздығы бойынша зейнетақылар жəне біржолғы төлемдер);
- əкімшілік шығындар;
- басқа да шығындар;
- пайдаға салынатын салықтар;
- инвестициялардың жұмсалуынан болған табыстар мен шығындар жəне инвестициялар құнындағы өзгерістер; жəне басқа жоспарлардан жəне басқа жоспарларға аударымдар;
3) қор жинау саясатының сипаттамасы;
4) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары үшін – жоспар шарттарына сəйкес тиесілі зейнетақыларға, осы кезге дейін көрсетілген қызметтің құнына жəне жалақының ағымдағы деңгейлерін, не болжанған деңгейлерін пайдалануға негізделген тиесілі зейнетақылардың (бұлар кепілдік берілген жəне кепілдік берілмеген зейнетақылар болып бөлінуі мүмкін) актуарлық дисконтталған құны; бұл ақпарат тиісті қаржы ақпаратымен бірге оқуға арналған актуарийдің қоса беріп отырған есептілігіне қосыла алады; жəне
5) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары үшін – жасалған елеулі болжауларды жəне тиесілі зейнетақылардың актуарлық дисконтталған құнын есептеуге қолданылған əдісті сипаттау.
Зейнетақы жоспары бойынша есептілікте не қаржы ақпаратының бөлігі түріндегі, не жеке есептілік нысаны ретіндегі жоспардың сипаттамасы болады. Оған мынадай ақпарат кіруі мүмкін:
1) осы жоспарға қамтылған жұмыс берушілер мен қызметкерлер топтарының атаулары;
2) зейнетақы алатын қатысушылардың саны жəне тиісті түрде жіктелген басқа да қатысушылардың саны;
3) жоспардың үлгісі – белгіленген жарналары немесе белгіленген төлемдері бар;
4) жоспарға қатысушылардың жарналар салатынын не салмайтынын түсіндіретін ескерту;
5) қатысушыларға тиесілі зейнетақыларды сипаттау;
6) жоспардың тоқтатылу жағдайларының əрқайсысын сипаттау; жəне
7) есептік кезең ішінде (1) тармағынан (6) тармағына дейінгі өзгерістер.
Пайдаланушылардың қолы жететін басқа да құжаттарға сілтемелер жасау əдеттегі практика болып табылады, бұларда зейнетақы жоспарының сипаттамасы беріледі жəне есептілікке кейінгі өзгерістер туралы ғана ақпарат қосылады.
Ақпаратты ашу.
Ұйым бекітілген жарналарымен зейнетақы бағдарламалары бойынша шығындары ретінде танылған соммаларын ашу қажет. Басқару персоналы бойынша жарналары туралы ақпаратты ұйым жеке ҚХЕС 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» сәйкес ашады.
Еңбек қызметінің аяқталуынан сыйақылары.
Төлемдері бекітілген жоспарлары.
Төлемдер белгіленген жоспарларды есепке алу барынша күрделі, себебі міндеттемелер мен шығыстарды бағалау үшін актуарлық жол берулер талап етіледі, және актуарлық пайдалар немесе шығындар алу мүмкіндігі болады. Бұған қоса, қызметкер тиісті қызметті көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін көп жылдар өткен соң орындалуы мүмкін болғандықтан, міндеттемелер дисконтталған негізде бағаланады.
Тану және бағалау
Сыйақылардың көлемі келесі тәуелді болады:
- қордың қаржылық жағдайы;
- қордың инвестициялық қызметтің нәтижелері;
- қордың қаражаттарының дефициті болғанда, ұйыммен қосымша қаражаттарды беру қабілеттіліктері.
Бағдарламамен байланысты ұйым актуарлық және инвестициялық тәуекелділіктерді алады. Төлемдері бекітілген зейнетақы бағдарламаларымен танылатын шығындар көлемі есепті кезендегі жарналардың сомасында тең болмауы мүмкін.
Ұйым ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі төлемдерді анықтап, демографиялық және қаржылық өзгермелілері бойынша актуарлық жорамалдарды құру қажет. Оларға зейнетақы сыйақылары бойынша шығындарға әсер ететін еңбекақының мен медициналық қызмет ету шығындарының өсуі.
Ол үшін мамандандырылған актуарийлар тартылады. Компания келесіні орындау қажет:
- бағдарламадағы активтердің әділ құнын анықтау;
- жинақталған актуарлық пайдалар немесе залалдарды және тануға жататын актуарлық пайдалар мен залалдарды анықтау;
- іс-әрекетке қосу немесе бағдарламаның өзгеруі кезінде алдыңғы қызметтердің құнын анықтау;
- бағдарлама бойынша міндеттемені аяқтау кезінде қорытынды пайда немесе залалды анықтау.
Жүктелген міндеттемелердің есебі
Ұйым өзінің төлемдері белгіленген қалыптастыру жоспарының көрсетілген талаптарына сәйкес заңды міндеттемелерін ғана емес, сонымен қатар қалыптасқан тәжірибесінен туындайтын кез келген жүктелген міндеттемелерді де есепке алуы тиіс.
Егер ұйымның қызметкерлерге төлемді жүзеге асыру үшін нақты баламалары болмаса қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемелердің туындауына әкеліп соқтырады. Жүктелген міндеттемеге мысал ретінде ұйымның қалыптасқан тәжірибесіндегі өзгерістердің оның қызметкерлерімен қарым-қатынасқа жол берілмейтін қиындықтарға әкеліп соқтыруды келтіруге болады.
Төлемдері белгіленген жоспардың белгіленген талаптары ұйымның осы талаптар бойынша міндеттемесін тоқтатуға жол беруі мүмкін. Алайда көптеген жағдайларда ұйым үшін, егер ол өз қызметкерлерін сақтағысы келсе, бұл міндеттемелерді тоқтату оңай емес. Сондықтан ұйым еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдерді есепке алу мақсатында сыйақы жоспары бойынша өз міндеттемелерін тоқтату туралы куәлігі болмаған жағдайда, қазіргі уақытта өз қызметкерлеріне осындай төлем жасауға уәде берген ұйым қызметкерлердің еңбек қызметінің қалған барлық кезеңінде осындай әрекеттер жасайтыны болжанады.
Қаржылық жағдай туралы есеп
Төлемдері белгіленген жоспар бойынша міндеттемелер ретінде танылатын шама мынадай әрекеттердің таза нәтижесін білдіруі тиіс:
- белгіленген сыйақы жоспарындағы артылу;
- дисконттау құнын пайдалана отырып анықталған активтің жоғары деңгейі.
Белгіленген таза сыйақы активі белгіленген сыйақы активі шамадан тыс қаржыландырылса немесе актуарлық пайда жоғарылаған жағдайда туындайды. Ұйым белгіленген таза сыйақы активін осындай жағдайда анықтайды, себебі:
1) ұйым болашақ пайданы алу үшін артылуды қолдану мүмкіндігі болып табылатын ресурсты басқарады;
3) болашақ экономикалық пайда болашақ жарналардың мөлшерін қысқарту нысанында немесе ақша қаражатын қайтару нысанында, немесе басқа жоспар бойынша тапшылықты жабуға ұйымға тікелей немесе жанама түрде түседі.
Тану және бағалау: белгіленген сыйақы міндеттемелері мен ағымдағы қызмет бағасының ағымдағы құны
Төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша түпкілікті шығындар зейнет демалысына шыққан кездегі жалақы шамасы, кадр тұрақсыздығы және қайтыс болу, медициналық қамтамасыз етудегі үрдістер сияқты көптеген ауыспалыларға және фундирленген жоспарға, жоспардың активтеріне арналған инвестициялық кіріске тәуелді болуы мүмкін. Жоспардың түпкілікті шығындары белгіленбеген және бұл белгісіздік әдетте ұзақ уақыт кезеңі бойы сақталады. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін төлемдер міндеттемесінің дисконтталған құнын және ағымдағы активтердің тиісті құнын бағалау үшін:
- актуарлық бағалау әдісін қолдану;
- қызмет кезеңдері бойынша сыйақы бөлу;
- актуарлық жорамалдар жүргізу қажет.
Актуарлық бағалау әдісі.
Ұйым төлемдері белгіленген сыйақы жоспары бойынша өз міндеттемелерінің дисконтталған құнын және ағымдағы қызметтердің тиісті құнын және ол қолданылатын жердегі бұрынғы көрсетілген қызмет құнын айқындау үшін болжанатын шартты бірліктер әдісін пайдалануы тиіс.
Болжанатын шартты бірліктер әдісі (кейде қызмет кезеңіне теңбе-тең бөлінген жинақталған сыйақы әдісі немесе сыйақы әдісі/қызмет ұзақтығы әдісі деп аталатын) сыйақыға қосымша құқық үшін негіз ретінде әрбір қызмет кезеңін қарайды және сыйақының әрбір шартты бірлігін кезеңнің аяғындағы міндеттемелерді қалыптастыру мақсатында жеке бағалайды.
Актуарлық жорамал.
Актуарлық жорамал әсіреленбеуі және өзара сәйкес келуі тиіс.
Актуарлық жорамал – ұйым жүргізген, еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз етуге арналған түпкілікті шығындарды айқындайтын ауыспалыларды ең дұрыс бағалау. Актуарлық жорамалдарға мыналар кіреді:
1) сыйақы алуға құқығы бар, қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және бұрынғы қызметкерлердің (және олардың асырауындағылардың) болашақ мінездемесіне қатысты демографиялық жорамалдар. Демографиялық жол берулер мынадай аспектілерді қарастырады:
- өлім;
- қызметкерлердің жұмыспен қамтылған кезеңінде және еңбек қызметін аяқтағаннан кейінгі уақытта қайтыс болу көрсеткіші;
- кадр тұрақсыздығы, мүгедектік және мерзімінен бұрын жұмыстан шығу деңгейі;
- сыйақы алуға құқығы бар асыраушылармен бірге жоспарға қатысушылардың үлесі; және
- медициналық қамтамасыз ету жоспарын пайдалану нормасы; және
2) мынадай баптарға қатысты қаржылық жорамалдар:
- дисконт мөлшерлемесі;
- болашақ жалақы деңгейі және сыйақы;
- медициналық қамтамасыз етуге арналған жәрдемақыға қатысты – олардың мәні айтарлықтай болу шартымен, өтінімді ресімдеу және жәрдемақылар төлеуге арналған шығынды қоса алғанда, медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындар;
- жоспардың активтеріне арналған күтілетін кіріс мөлшерлемесі.
Актуарлық жорамалдар жеткілікті түрде зерделеніп жасалса, әсірелеусіз болады, бірақ сонымен бірге шамадан тыс консервативті де болып табылмайды.
Актуарлық жорамалдар инфляция, жалақының өсу қарқыны, жоспар активіне кіріс және дисконт мөлшерлемесі сияқты факторлардың арасындағы экономикалық қатынасты көрсетсе, өзара сәйкес болып табылады. Мысалы, инфляцияның белгілі бір деңгейіне тәуелді барлық жорамалдар (мысалы, пайыз мөлшерлемелеріне және жалақының өсуіне және сыйақыларға қатысты жол берулер) болашақтағы кез келген уақыт кезеңіне бірдей инфляция деңгейін болжайды.
Бұрынғы қызметтердің құны.
Бұрынғы қызметтердің құны белгіленген төлемдері бар сыйақы міндеттемелерінің жоспардың өзгерісі немесе қысқартылуы нәтижесіндегі өзгерісі болып табылады.
Ұйым бұрынғы қызметтердің құнын шығын ретінде төмендегі мерзімнен бұрын тануы тиіс:
- жоспарға өзгерістер мен қысқартулар енгізілгенде;
- ұйым қатысты қайта құрылымдау шығындарын (37 ХҚЕС (IAS)қараңыз) немесе жқмыстан шыққандағы сыйақыларды танығанда.
Тану және бағалау: жоспар активтері. Жоспар активтерінің әділ құны.
Артылу немесе дефицитті анықтауда жоспар активтерінің әділ құны белгіленген төлемдері бар сыйақы міндеттемелерінен шегеріледі.
Егер жоспардың активтері, жоспар бойынша сыйақыларға есептелетін кейбір немесе барлық шамалар бойынша дәл сәйкес келетін белгілі бір жағдайларды қанағаттандыратын сақтандыру полистерін қамтыса, көрсетілген сақтандыру полистерінің әділ құны ретінде 54-тармақта сипатталғандай, тиісті міндеттемелердің дисконтталған құны қабылданады (егер сақтандыру полисі бойынша алынуға тиісті сома толықтай өтелмесе, азайтылуыға жататын сома).
Өтемақылар
Танылған белгіленген төлемдері бар сыйақы шығындарының құрамы өтемақылық құқығының баланстық құнындағы өзгерістердің сомасына қатысты танылуы мүмкін.
Кейде ұйым басқа тараптың (мысалы, сақтандырушы) белгіленген төлемдері бар сыйақы жоспары бойынша міндеттемелерін реттеу үшін қажетті шығысының бөлігін немесе барлығын төлеу мүмкіндігін қарастыра алады.
Бағдарламаның активтеріне табыстары.
Болашақта күтілетін бағдарламаның активтеріне табыстары бұл шығындарды үнемдеудің бір түрі болып, пайда мен залалдар есебінде көрсетіледі. Күтілетін мен нақты бағдарламаның активтеріне табыстардың айырмашылығы актуарлы пайда немесе залал ретінде шығады. Содан соң ол жинақталған таза актуарлы пайда немесе залалға қосылып, дәліздің 10% шекарасымен сәйкестендіріледі.