Дәрістер
11 дәріс. Үлестік құралдары негізінде төлеу
11.1 Акциялар негізіндегі төлемдерді көздейтін операциялары. ХҚЕС 2 (IFRS) қолданудың аясы
ХҚЕС 2 (IFRS) қолданудың аясы ұйым акцияларының нарықтық бағасына негізделетін төлемдерді жасауға әкелетін барлық тауарлар мен қызметтерді сатып алу операцияларын қамтиды. Сонымен, бұл акциялармен операциялары өзіне опциондарымен байланысты келісім-шарттар бойынша шығындары да ескеріледі. Атап айтсақ, ХҚЕС 2 (IFRS) қолданудың аясы келесіні қосады:
- Есеп-айырысу үлестік бағалы қағаздармен жүргізілетін акциялар негізіндегі төлемдерді жасау операциялары – ұйым тауарлар мен қызметтер үшін төлемі ретінде үлестік құралдарға иелік етеді (акцияларды мен акцияларға опциондарды қоса алғанда);
- есеп-айырысу ақшамен жасалатын акциялар негізіндегі төлемдер операциялары, бұл жерде ұйым өзіне осы тауарлар мен қызметтердің жабдықтаушы алдыңда міндеттемелерді мойындайды (міндеттемелер акциялар немесе басқа үлестік құралдар бағасымен анықталады).
- ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді алатын немесе сатып алатын және келісімнің талаптары негізінде ұйымға осы таурлар мен қызметтер үшін не ақша қаражаттарымен (немесе басқа активтермен), не акциялар шығару арқылы есеп айырысуды жүзеге асыра алатын таңдауды ұсынатын операцияларды қоса алғанда, акцияға негізделген барлық төлемдер операциялары.
Акцияларға негізделетін төлемдер операциялары ұйым тауарлар мен қызметтерді үлестік құралдармен өтеуі арқылы немесе акциялар немесе басқа үлестік құралдар бағасына (құнына) сәйкес сомасына сатып алатын операция.
Есеп-айырысу ақша қаражаттарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операциялары -акцияларға негізделген, ұйым тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ақша қаражатын немесе басқа активтерді осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің жеткізушісіне ұйым акцияларының немесе басқа акцияларының бағасына (немесе құнына) негізделген сомалармен өткізу жөніндегі міндеттемені қабылдау арқылы сатып алатын төлем трансакциясы.
Есеп-айырысу үлестік құралдарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операциялары – акциялар негізінде төлем операциялары ұйым тауарлар мен қызметтерді үлестік құралдарымен өтеу арқылы алатын операциялары.
Акция опционы иесіне ұйымның акцияларына белгіленген немесе анықталған баға бойынша белгілі бір уақыт ішінде қол қоюға құқық беретін, бірақ міндет емес, шарт.
ХҚЕС 2 (IFRS) сәйкес акцияларға негізделетін төлемдер операцияларында сатып алынған тауарлар мен қызметтерді тануды қажет етеді. Есеп-айырысу үлестік құралдарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операцияларында тауарлар мен қызметтерді сатып алынған кезде меншікті капиталдағы өсуін таниды.
Есеп-айырысу ақша қаражаттарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операцияларында тауарлар мен қызметтерді сатып алынған кезде ұйым міндеттемені таниды.
11.2 Есеп-айырысу үлестік құралдарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операциялары
Есеп-айырысу үлестік құралдарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операциялары үшін ұйым алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны бойынша, осы әділ құн сенімді түрде өлшенбейтін жағдайды қоспағанда, тікелей өлшеуі тиіс.
Егер ұйым алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде өлшей алмаса, ол олардың құнын және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды жанама, яғни ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.
Қызметкерлермен және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалармен операцияларға қолдану үшін ұйым ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын өлшеуі тиіс, өйткені әдетте алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде есептеу мүмкін емес. Осы акциялардың әділ құны олар ұсынылған күні өлшенуі тиіс.
Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер ұйым осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған акцияның ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс.
11.3 Қызмет көрсетулер алынған операциялар
Егер ұсынылған үлестік құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы үлестік құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді.
Қарама-қайшылықтар жоқ болған кезде, ұйым қарсы тараптың акциялар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда үлестік құралдарды ұсыну күні ұйым алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс.
Егер ұсынылған акцияларға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда ұйым қарсы тарап осы акциялар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалдарды келтірейік:
- ұйым өзінің қызметкерлерге акцияларға опциондарды береді. Бұл опциондарды орындау мақсатында алдағы үш жылдың ішінде қызметтің белгіленген көрсеткіштерін жүзеге асыру қажет;
-ұйым акцияларға опциондарды қызметтің белгіленген нәтижелеріне жеткенде және де қызметшімен жұмыс қызмет жағдайларын шешкенге ғана береді.
Ұйым күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда ұйым қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарауы тиіс.
11.4 Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар
ХҚЕС 2 (IFRS) сәйкес Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны негізінде өлшенетін операциялар үшін ұйым ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын, егер бар болса, нарықтық бағаларға негіздей, осы үлестік құралдар ұсынылған талаптарды ескере отырып, өлшеу күні өлшеуі тиіс.
Егер нарықтық бағалар жоқ болса, онда ұйым ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті тараптар арасында операциялар жасау кезінде өлшеу күні осы үлестік құралдардың бағасы қандай болғанын айқындауға арналған бағалау әдістерін пайдалана отырып есептеуі тиіс.
Бағалау тәсілі қаржы құралдарының бағасын айқындаудың жалпы қабылданған әдістемесіне сәйкес келуі және жақсы хабардар, осындай операцияларды жасауға ниетті нарық қатысушылары баға белгілеу кезінде қарайтын барлық факторлар мен жорамалдар кіруі тиіс.
11.5 Есеп-айырысу ақша қаражаттарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операциялары
Есеп-айырысу ақша қаражаттарымен жасалатын акциялар негізіндегі төлем операциялар үшін ұйым сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және міндеттемелердің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуі тиіс.
Міндеттеме өтелмейінше ұйым міндеттемелердің әрбір есепті күнгі, сондай-ақ міндеттемелер бойынша есеп айырысу күнгі әділ құнын кезең ішіндегі пайданың немесе залалдың құрамындағы міндеттеменің әділ құнындағы өзгерісті тани отырып қайта бағалауы тиіс. Мысалы, ұйым қызметкерлерге акциялар құнының олардың сыйақы пакетінің бір бөлігі ретінде өсуіне құқық бере алады, нәтижесінде қызметкерлер болашақта ақша қаражатын (акцияларды емес) алу құқығын алады, олардың сомасы ұйымның акцияларының бағасының белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір деңгеймен салыстырғанда ұлғаюы негізінде есептеледі. Ұйым сондай-ақ өзінің қызметкерлеріне оларға болашақта не міндетті түрде (мысалы, жұмыстан шыққан кезде), не қызметкердің таңдауы бойынша өтелетін акцияларға (акцияларға опциондарды орындау бойынша шығарылатын акцияларды қоса алғанда) құқық беру арқылы ақша төлемін алу құқығын ұсынады.
Ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемелерді тануы, оларды қызметкерлердің осы қызметті көрсетуіне қарай төлеуі тиіс. Мысалы, кейбір акциялар құнының өсу құқығы қызметкерлерге бірден өтеді, сондықтан қызметкерлерден ақшалай төлемге құқық алу үшін қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Кері дәлелдер болмаған кезде ұйым қызметкерлер көрсеткен қызметтердің акциялар құнының өсу құнының орнына алынғаны туралы жорамал жасауы тиіс. Тиісінше, ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені бірден тануы, оларды төлеуі тиіс. Егер акциялар құнының өсуіне құқықтар қызметкерлерге олар қызметтің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін өтпесе, онда ұйым алынған қызмет көрсетулерді және міндеттемені тануы, оларды қызметкерлер осы кезең ішінде қызмет көрсетуіне қарай төлеуі тиіс.
Міндеттеме бастапқы және сол сияқты әрбір есепті күні, ол өтелгенше, акциялар құнының өсу құқықтарының әділ құны бойынша, опциондар бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы, акциялар құнының өсу құқықтары берілген талаптарды және қызметкерлер есепті күнге дейін ұсынған қызмет көрсетулердің көлемін ескере отырып өлшенуі тиіс.
11.6 Қызметкерлерге төлем жасалатын акцияларға негізделген операциялары
Әдетте, акциялар, акцияларға опциондар немесе басқа да акциялар қызметкерлерге олардың сыйақыларының бір бөлігі ретінде, қызметкерлерге ақша қаражатымен төленетін жалақыларына және басқа сыйақыларына қосымша ретінде ұсынылады. Әдетте қызметкерлердің сыйақылары пакетінің белгілі бір компоненттері үшін алынған қызмет көрсетулерді тікелей өлшеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ұсынылған акциялардың әділ құнын тікелей өлшемеуге қарамастан, барлық сыйақылар пакетінің әділ құнын тәуелсіз өлшеу мүмкін болмай қалады. Осыған қосымша ретінде акциялар немесе акцияларға опциондар кейде негізгі сыйақының бір бөлігі ретінде емес, сыйлықақы келісімдерінің бір бөлігі ретінде ұсынылады, мысалы, қызметкерлер үшін ұйымдағы жұмыстарын жалғастыруына немесе олардың ұйым қызметінің нәтижесін жақсарту бойынша қосқан күштері үшін сыйақы мақсатында ынталандыру.
Акцияларды немесе акцияларға опциондарды басқа сыйақылар түріне қосымша ретінде ұсына отырып, ұйым қосымша пайда алу үшін қосымша сыйақы төлейді. Осы қосымша пайдалардың әділ құнын бағалау қиын болуы мүмкін. Алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшеудің қиындығы салдарынан ұйым қызметкерлерден алынған қызмет көрсетулердің әділ құнын оларға ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде өлшеуі тиіс.
Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен операцияларға алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны сенімді түрде бағаланатыны туралы теріске шығаруға болатын жорамал болуы тиіс. Осы әділ құн ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенуі тиіс. Сирек жағдайларда, егер ұйым осы жорамалды теріске шығарса, себебі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын сенімді түрде бағалай алмаса, ол алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды ұсынылған акцияның ұйым тауарларды алған немесе қарсы тарап қызмет көрсеткен күні өлшенген әділ құны негізінде жанама өлшеуі тиіс.
Атап айтқанда, егер ұйым алған куәландыруға келетін қарастырулар (бар болса) ұсынылған акциялардың әділ құнын немесе туындаған міндеттемелерден кем болса, әдетте бұл жағдай ұйым басқа қарастыруды (мысалы куәландыруға келмейтін тауарлар мен қызмет көрсетулер) алғаны (немесе алғалы тұрғалы) жөнінде мәлімдейді.
Егер ұсынылған үлестік құралдар шұғыл түрде берілсе, онда қарсы тараптан ол осы үлестік құралдарға нақты құқықты алардан бұрын қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтау талап етілмейді. Қарама-қайшылықтар жоқ болған кезде, ұйым қарсы тараптың акциялар үшін өтемақы ретінде көрсеткен қызмет туралы жорамал қабылдауы тиіс. Бұл жағдайда үлестік құралдарды ұсыну күні ұйым алынған қызмет көрсетулерді толық тануы тиіс, сондай-ақ меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс.
Егер ұсынылған акцияларға құқық қарсы тарапқа ол қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтағанға дейін берілмесе, онда ұйым қарсы тарап осы акциялар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызмет көрсету болашақта осы құралдарға құқықтардың өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым осы қызмет көрсетуді оларды қарсы тарап өту кезеңі ішінде көрсетуіне қарай ескеруі және бұл ретте меншікті капиталдағы тиісті ұлғаюды тануы тиіс. Мысалы:
- егер қызметкерге акцияларға опциондар ол ұйымда үш жыл істеуі шартымен ұсынылса, онда ұйым қызметкер акцияларға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта үш жылдық өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс;
-егер қызметкерге акцияларға опциондар қызметтің белгілі бір нәтижесіне жету шарты, сондай-ақ қызметкердің ұйымдағы қызметін осы қызмет орындалғанға дейін және өту кезеңінің ұзақтығы қызметтің осы талаптарының орындалуына қарай өзгеруі шартымен ұсынылса, онда ұйым қызметкер акцияларға опциондар үшін өтемақы ретінде көрсетуі тиіс қызметтердің болашақта күтілетін өту кезеңі ішінде алынатыны туралы жорамал қабылдауы тиіс. Ұйым күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын ұсыну күні қызмет талаптарын орындаудың неғұрлым ықтимал нәтижесіне негіздей отырып бағалауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылса, онда күтілетін өту кезеңінің ұзақтығы ұсынылған опциондардың әділ құнын есептеу кезінде пайдаланылған жорамалдарға сәйкес келуі тиіс және салдарынан қайта қаралмауы тиіс. Егер қызметтің талаптары нарықтық талаптар болып табылмаса, онда ұйым қажеттілігіне қарай, егер кейінгі ақпарат өту кезеңінің ұзақтығының өткен есептерден айырмашылығы болатынын көрсетсе, өзінің күтілетін өту кезеңінің ұзақтығын бағалауды қайта қарауы тиіс.