Дәрістер
10 дәріс. Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі ХҚЕС (IAS 29)
10.1 Ақшаның сатып алу мүмкіндігін есепке алумен түзетілген қаржылық есептіліктің артықшылықтары
Функционалды валюта кәсіпорын қызмет жасайтын негізгі экономикалық ортадада қолданылатын валютаны құрайды. Функционалды валюта ұйымның қаржылық есептілігін құрастыру үшін анықталады.
Оны анықтау кезінде шетелдік валютадағы баптары функционалдық валютаға қайта есептелініп, есептеудің нәтижелері қаржылық есептілігінде көрсетіледі.
Функционалды валютаны анықтау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
- негізгі - сату валютасы (сату бағасының валютасы мен сатып алудың валютасы);
материалдарға мен жалақыға шығындарды көрсететін валюта (бұл валютадағы төлемдер жасалынады).
- Қосымша – қаржылық ағымдарының валютасы (кредиттерді алынатын немесе акциялрды шығарудан түсімдер валютасы); операциялық қызметтен түсімдер валютасы.
Шетелдік валюта — ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
Баланстың валюталық баптарына келесілер жатады:
- кассадағы, депозиттегі мен ссудалық шоттардағы валютадағы қаражаттар (аккредитивтерді қоса алғанда);
- шетел валютадағы ақша құжаттары;
- шетел валютасындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар;
- дебиторлық және кредиторлық берешек, шетел валютасындағы несиелер.
Шетелдік валютадағы операциялары операция күніне бағам айырбасымен ұсынылады. Халықаралық тәжірибеде шетелдік валютадағы барлық операциялары бойынша апталық немесе айлық орташа бағам қолданылады. Егер де валюта бағам курсы өзгеретін болса, онда орташа бағам қолданылмайды.
Функционалды валютаны айырбастағанда барлық баптардың қайта есептелуі валютаны айырбастау күніндегі бағамы жаңа функционалды валюта қолданылады. Ақшалай емес баптарды қайта есептегенде тарихи құнымен расталады.
ХҚЕС (IAS) 21 cәйкес капиталда танылған шетелдік қызмет туралы қаржылық есептілікті қайта есептеу негізіндегі пайда болған бағам айырмашылықтары пайда немесе залал құрамында танылмайды.
Егер де функционалды валюта гиперинфляция жағдайындағы қолданылатын валюта болса, онда Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі ХҚЕС (IAS 29) сәйкес қайта есептеледі.
Ұйым қызметінің нәтижелерін мен қаржылық жағдайын есепттеуде көрсетейік:
Функционалды валюта гиперинфляция жағдайындағы валюта болып табылмайды. |
Функционалды валюта гиперинфляция жағдайындағы валюта болып табылады. |
||
әр берілген баланс бойынша активтер мен міндеттемелер |
Баланс күніндегі бағамына қайта есептеледі |
Активтер, міндеттемелер, капитал баптары, табыстар мен шығындар |
Соңғы баланс күніндегі бағамына қайта есептеледі |
Пайда мен залалдар есептілігі бойынша табыстар мен шығындар |
Бірақ: егер де гиперинфляция жағдайында емес сомалар валютаға қайта есептелінсе, онда салыстырмалы сомалары деп алдыңғы жылы қаржылық есептілікте көрсетілген ағымдағы сомалары ретінде көрсетілген сомалар аталады (яғни, кейінгі күніне немесе бағам айырмашылығына түзетілмеген сомалары жатады). |
||
Барлық бағам айырмашылықтары меншікті капиталдың жеке баптары ретінде танылады |
Ақша баптары — қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.
Ақша қаражаттары өзіне қаржылық ұйыидардағы ағымдағы шоттардағы қалдықтарын қосады.
Есепті күніне валюталық бағам айырмашылықтарының өзгересі келесідей көрсетіледі:
Шетел валютасындағы ақша баптары Есепті кезеңді аяқтау уақытына
_________________________________ валюта _____________________________
Шетел валютасындағы тарихи құнымен бағамы Құнды анықтау сәті
ақшалай емес баптары
_________________________________ ______________________________
Шетел валютадағы әділ құнымен бағаланатын Әділ құнын анықтау сәті
Ақшалай емес баптары
Бағам айырмашылығы әсерінен балансты құру күніне ақшалай баптардың баланстық құнының өзгеруі осы кезеңдегі бағам айырмашылығынан болған пайда немесе залал ретінде танылады.
10.2 Бухгалтерлік баланстағы ақшалай мен ақшалай емес баптарға бөлу. Ақшалай емес баптарды қайта есептеу. Ақшалай табыстарды мен залалдарды есептеу. Салыстырмалы көрсеткіштерді қайта есептеу.
Бағам айырмашылығының өзгеруі нәтижесінде болатын ақша баптары бойынша есептелген мен баланстық құны айырмасының пайда болуы есеп айырысу кезеңінде табысты немесе шығындарды өсіреді. Бағам айырмашылықтары девальвация немесе валюта құнсыздану нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Олар төлеуге мүмкіндігі болмаған шоттардан пайда болған міндеттемелерге әсер етеді. Мұндай міндеттемелер мысалы, жақын арада активті сатып алу нәтижесінде пайда болуы мүмкін, егер де оны сатып шоты шетел валютасында жасалынса.
Қайта бағаланбайды |
Валютаға сатып алынған мүлік (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қорлар) |
Жарғылық капитал мен қатысушылардың (акционерлердің) үлесі |
Валютадағы есептіліктегі жазулармен бірге валютадағы операциялары валюталық есеп –айырысулармен (төлемдермен) көрсетілуі мүмкін. Ол үшін әр түрлі әдістер қолданылуы мүмкін: мәліметтерді бүтінмен жазу немесе есеп регистрлерінің екінші жиынтықтары.
Пайда болатын бағам айырмашылықтары шаруашылық жүргізуші субъектінің өзіндік шешімімен келесі әдістерді қолдану негізінде расталуы мүмкін:
Қызмет нәтижелеріне тікелей бөлу |
Жағымды – табыстарды есепке алудың шоттары |
|
Теріс – шығындарды есепке алудың шоттары |
|
|
Жинақтау |
Жағымды – алдың ала мерзімі ұзартылған табыстарды есепке алудың шотында жинақталады (болашақ кезеңінің табыстары) |
Шетелдік валютадағы дебиторлық пен кредиторлық берешек - жабудың (шығару) кезектілігімен |
|
|
Басқа жағдайда операцияларды жасау кезектілігімен |
Мерзімі ұзартылған табыстар а немесе орташа бағам айырмашылығындағы шығындар шоттарында орналасқан жағымды және теріс бағам айырмашылықтарын есептен шығару рұқсат етіледі. Бағам айырмашылығын бөлудің әдістері ұйымның есеп саясатында көрсетілуі қажет.
Отандық тәжірибеде бағам айырмашылығы валюта мен бағалы қағаздардың иелігінде келесідей көрсетіледі:
- бағам айырмашылығының өсуі нәтижесінде - шоттың кредитінде 6250 «Бағам айырмашылығынан табыс»;
- бағам айырмашылығының төмендеу нәтижесінде - шоттың дебетинде 7430 «Бағам айырмашылығынан залал».
Бірдей күніне шетел валютасына нарықтағы бағам мен сатып алу бағамының арасындағы айырмашылық бағам айырмашылығы ретінде танылмайды және негізгі емес басқа табыстар мен шығындар ретінде танылады. Мұндай шығындар мен табыстар бір валютаны ұлттық валютаға айырбастағанда пайда болады.
10.3 Гиперинфляцияның аяқталу белгілері. Қаржылық жағдай туралы есептіліктің ақшалай емес баптарын қайта есептеу тәртібі. Пайда мен залалдар туралы мен басқа жиынтық табыс туралы есептіліктерді қайта есептеу
Негізгі түсініктерді ашайық;
Шетелдік қызмет — өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.
Шетелдік қызметке таза инвестициялар — осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.
Ұсыну валютасы — қаржылық есептілігі берілетін валюта.
Ағымдағы валюталық бағам — дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.
Қаржылық есептілік валютасы - көрсету валютасы, базалық валюта немесе есептіліктің валютасы ретінде танылады.
Шетелдік құрылымымен шетел валютасындағы қаржылық есептіліктерді ұлттық валютаға ауыстыру әдісі оны қаржыландыруға және де есеп беруші ұйымның қызмет етуіне байланысты болады.
Шетелдік құрылымдар келесідей топталады
1) Есеп беруші кәсіпорынның шетелдік құрылымдары ажырамас бөлігі;
2) Шетелдік кәсіпорындар шығындарды алады, табыстар алады, сонымен, несиелер алып, шетелдік операцияларға кіре алады. Ағымдағы бағам айырмашылығының әсері ағымдағы және болашақтағы ақша қаражаттардың қозғалысына әсер етеді немесе есеп беруші ұйымның шетелдік ұйымға салынған таза инвестициялардың өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Шетелдік құрылымның қаржылық есептілігі есеп беруші ұйым қызметтің ажырамас бөлігі болып, оның валютасына аударылады. Болашақта мұндай операциялары жүзеге асатын болса экспорттық-импорттық нәтижелері түзетіледі. Егер де ақша қаражаттары бас компанияға аударылатын болса, онда бағалардағы өзгеріс бас компанияның елінде есепке алынады. Егер де қайта есептеу келесі жағдайда жасалса:
- бапты тану күніне бағамы (өзіндік құн қағидаты), бастапқыда шетел валютасындағы сомалары ұлттық валютаға аударылып, кейін ұлттық валютаны тұтыну қабілеттіліктердің өзгеруін есепке алғанда түзетіледі.
- Ағымдағы валюта бағамын айырбастау, мұнда активтер мен міндеттемелер шет елінің бағасын өзгеру деңгейіне байланысты қайта бағаланады.
Шетел құрылымындағы есептіліктердегі жеке баптары есеп беруші кәсіпорын өзі бұл операцияларды жүзеге асатындай көрсетіледі. Негізгі құралдардың құны мен құнсыздануы сатып алу құнының бағамымен немесе егер де актив әділ құнымен бағаланатын болса, бағалау күніне бағамымен қайта есептеледі.
Қорлардың құны сатып алу сәтіндегі бағамымен қайта есептеледі. Активті сату құны оның таза құның анықтау сәтіндегі бағамымен есептеледі.
10.4 ХҚЕС сәйкес құрастырылған қаржылық есептіліктің баптарын түзету немесе қайта сыныптау
Шетел құрылымның қаржылық есептіліктерін есеп беруші кәсіпорынның валютасына ауыстыру
кезінде келесі нәтижелер негізінде бағам айырмашылықтары пайда болады:
1) операция жасалған күніне табысты және шығысты баптарын ауыстыру,
ал активтер мен міндеттемелерді кезең соңында ауыстыру.
2) Шетелдік кәсіпорынға таза инвестицияларды кезең басындағы бағамына аудару;
3) Шетел кәсіпорынның меншікті капиталдағы басқа өзгерістер болғанда.
ХҚЕС (IAS) 21 cәйкес қаржылық есептілік келесіні ашады:
А) есепті кезеңдегі пайданы немесе залалды есептеуімен қоса бағам айырмашылығының сомалары.
Б) Таза бағам айырмашылықтары меншікті капиталдың құрамдас бөлігі және есепті кезеңдегі басындағы мен соңындағы келесілген осы бағам айырмашылықтары;
В) активтің баланстық құнына кіретін есепті кезеңдегі бағам айырмашылықтарының сомасы.
Шетел құрылымның сыныпталудағы өзгерістер келесі агылады: сыныпталудың өзгеру мәні, себептері, акционерлік капиталға өзгерудің әсері, алдыңғы әрбір кезеңі бойынша таза пайдаға немесе залалға әсері, егер де сыныпталудағы өзгерістер көрсетудің алдыңғы кезеңінде болатын болса.
10.5 Пайда мен залалдар туралы мен басқа жиынтық табыс туралы есептіліктердегі ақша табысы немесе залалы
Кәсіпорынның қаржылық есептілігін құрастыру мақсатында функционалдық валютаны анықтау қажет. Шетел валютасындағы баптары функционалдық валютасына қайта есептелінеді. Осының нәтижелері қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Шетел валютасындағы операциялардың есебі, cонымен, шетел құрылымдарының қаржылық есептіліктері (шоғырландырылған қаржылық есептілікке қосылатын) 21 ХҚЕС (IAS) «Валюталық бағам өзгерісінің әсері» негізгі ережелерін қосады.
Шетел валютасындағы операциялары есептілік валютасымен көрсетіліп, оны анықтау мақсатында операция жасаудың валюта бағамы қолданылады.
Есепті күніне келесілер көрсетілуі тиіс:
- шетел валютасымен ақша қаражаттары есепті кезеңінің аяқталу күніне бағамымен көрсетілуі қажет;
- шетел валютасымен тарихи құнымен көрсетілетін ақшалай емес баптар операция жасаудың күніне валюта бағамы қолданылады;
- шетелдік валютамен бекітілген және нақты нарықтық құнымен көрсетілетін ақшалай емес баптары құнды анықтау сәтіндегі бағамды қолдануды талап етеді.
Ақша баптарын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын бағам айырмашылықтарын олар пайда болған кезеңіндегі табыстар мен шығындар ретінде тану қажет.
Егер де есептіліктің валютасы ресми валютасынан басқаша болса, онда оны қолданудың себептерін көрсету қажет.