Дәрістер

 

1.1 Операциялық   сегмент түсінігі

 

Операциялық сегмент – бұл ашық нарықта (ішкі және шетелдік қор биржаларда) қарыздық мен үлестік бағалы қағаздар айналатын немесе  оларды шығару процесінде болып жатқан ұйымдардың  түсімдер түсетін және  шығындар жұмсалатын қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады.

«Операциялық бөлімдер» Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ІFRS 8) сәйкес бұл стандарттың қолданылуы ұйымның бөлек немесе жеке қаржылық есептіліктерін және бас ұйымы бар топтың шоғырланған қаржылық есептіліктерін ұсынатын ұйымдарға қатысты қолданылады.

Егер қаржылық есептілік  ұйымдардың шоғырландырылған қаржылық есептіліктерден мен бас ұйымның немесе еншілес ұйымдардың жеке қаржылық есетерін қосатын болса, онда жалпы қаржылық есептілік шоғырландырылған  түрде берілуі тиіс.

Егер еншілес ұйым өзі  ашық нарықта қатысушы болса, онда ол өзінің сегменттік ақпаратты жеке қаржылық есептілікте көрсетеді.

 «Операциялық бөлімдер» Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (ІFRS 8) сәйкес, егер сегменттердің экономикалық сипаттамалары бірдей болатын болса, онда екі немесе одан да көп операциялық сегменттер бір операциялық сегментке біріктіріледі.

Экономикалық сипаттамаларын қарастырған кезде, келесі негізгі факторлары ескеріледі:

- өнімдер мен қызметтердің сипаты;

- өнім шығару процестерінің сипаты;

- олардың өнімдері мен қызметтерінің тұтынушыларының түрі немесе

санаты;

- өнімдерін сатуға және қызметтерін көрсетуге қолданатын әдістері;

- орынды болса, банк қызметін, сақтандыруды және коммуналдық қызметтерді реттейтін ережелер сияқты, нормативтік-құқықтық ортасының сипаты.

 

1.2 Біріктіру талаптары

 

Сегменттік есептілік қаржылық есептілікті топпен немесе ұйыммен тапсыру үшін дайындалған есеп саясатына сәйкес дайындалады. Егер табыстар мен шығыстар сегменттерге  үлестірілетін болса, онда  бірлесіп қолданылатын активтер  де осы сегменттер бойынша үлестірілетін болады.

Активтерді, міндеттемелерді, табыстар мен шығыстарды сегменттерге үлестірудің әдістерін қолданылуы  бұл баптардың сипатына, сегменттің қызмет түрлеріне  тәуелді болады. Ұйымдармен қолданатын үлестірудің біріңғай  негізін іздеу мүмкін емес.

Сонымен бірге, активтер, міндеттемелер, табыстар мен шығыстар баптары бір уақытта екі және одан да көп сегменттерге қатысты болғанын анықтау негізі болмаған жағдайда үлестіру жүргізу мүмкіндігі болмайды.  Өз кезегінде, бұл баптарды үлестіру жұмысы кезектес болу керек.  Басқаша сөзбен айтқанда, сегменттер бойынша активтердің үлестірілуі, егер де табыстар мен шығыстар бұл сегменттерге қатысты үлестірілген жағдайда жасалады.

Сыртқы пайдаланушыларды тиімді және толық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатында есеп беруші судъект  әр өнім мен қызмет түрі немесе олардың топтары бойынша табыстар жөнінде ақпаратты ашу қажет. Бұл кезде осы ақпаратты алу үшін шығындар үлкен болмауды бақылау қажет.

Есеп беруші тұлға  сыртқы клиенттерден алынатын табыстарды  географиялық сегмент кескінінде көрсету қажет. Табыстарды есепке алғанда субъектінің тұрғылықты мекені мен табыстар алынатын елдер жеке алынады.  Өз кезегінде, есеп беруші тұлға қаржылық құралдардан, мерзімі ұзартылған салық активтерден, еңбек бойынша сыйақылардан басқа ұзақ мерзімді активтерді (жалпы мүлік меншігінде бар елдер бойынша) ашуы тиіс.

Егер географиялық сегмент бойыша табыстар мен активтер көлемі айтарлықтай елеулі болғанда, есептілік жеке көрсетіледі.

 

1.3 Cандық табылдылықтары

 

Кез келген ұйым төмендегі сандық табалдырықтарға сай болатын операциялық сегмент туралы ақпаратты бөлек көрсету қажет:

-егер барлық операциялық сегменттер бойынша сыртқы тұтынушыларға мен сегмент аралық  сатулардың көлемі

ішкі және сыртқы біріктірілген түсімінің 10 немесе одан көп пайызы болғанда.

- егер келесі көрсеткіштерден  артық болатын,  табыс пен шығыстардың абсолюттік сомасы 10 және де одан да көп пайыз болатын болса:

a) барлық біріктіріліп баяндалған залалдық операциялық cегменттердің табыстарынан;

б) барлық біріктіріліп баяндалған залалдық операциялық cегменттердің залалынан;

- егер оның активтері барлық операциялық сегменттерде 10 немесе одан көп пайызын құрағанда.

Егер басшылық сандық табалдырықтардың ешқайсысына сай болмайтын операциялық сегменттер туралы ақпарат қолданушыларға пайдалы болатындығын түсінетін болса,  онда қаржылық есептілік және олар туралы ақпаратты бөлек ашып көрсетіледі.

 

1.4 Қаржылық есептілікте ашып көрсету

 

Ұйым әр есеп сегменті бойынша сегменттік нәтижені көрсету қажет. Егер бас қызмет атқаратын шешім қабылдаушының жасаған шолуы бойынша айқындалған көлемі пайда мен залал сегментінің өлшеміне енгізілген болса, немесе сол өлшем пайда немесе залал сегментіне енгізілмегендігі жөнінде бас қызмет атқаратын шешім қабылдаушыға басқадай жолмен хабарланып отырған болса, онда ұйым келесі ақпаратты ашуы тиіс:

- сыртқы тұтынушылардан түсетін түсімдер;

- сол ұйымның басқа операциялық бөлімдерімен операциялардан түсетін түсімдер;

- пайыз түсімі;

- пайыз шығыны;

- құнсыздану және амортизация;

Сегменттің нәтижесінен асатын сегмент қызметінің тиімділігінің үлгісі ретінде пайда мен залалдар туралы есебінде көрсетілетін жалпы пайда болып табылады.

Сегменттің нәтижесінен төмен болатын сегмент қызметінің тиімділігінің үлгісіне  негізгі қызметінен алынатын пайда жатады.

Ұйым активтер мен міндеттемелердің жалпы баланстық сомасын  әр есепті сегмент бойынша ашуы тиіс.