Дәрістер
3 дәріс. Жал есебі ҚХЕС (IAS 17)
3.1 Жал түсінігі. Жалдың классификациясы
Жалдау – жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысын немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
ҚХЕС (IAS 17) сәйкес жалдың қаржылық пен операциондық екі түрін ажыратамыз.
Операциялық жал кезінде жал объектілері жалға берушінің балансында есепке алынады. Жалға беруші өзінің балансында жалгерлік төлемдер бойынша және оларды алдын-ала төлеу жасағанда пайда болатын барлық ағымдағы міндеттемелерді мен дебиторлық берешекті көрсетуі тиіс. Жалға беруші жалгерлік төлемдерді өзінің пайда мен залалдар және басқа да жиынтық табыс есептерінде танып, жалдаудың барлық кезеңіне бөлінеді.
Қаржылық жалдау – актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Бұл шарт бойынша құқықтық мəртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.
Жалға алушы (лизинг алушы) активтердің жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді және де мүлікті әділ құнымен қабылдап, міндеттемелерді таниды.
ҚХЕС (IAS 17) қаржылық жалдауды жалға алушының қаржылық есептілігінде активтер мен міндеттемелерді көрсетуді талап етеді.
3.2 Жалға алушы мен жалға берушілердің қаржылық есептлігіндегі операциялық жал
Операциялық жалға бойынша актив жалға берушінің балансында көрсетіліп, онымен тозу есептеледі. Мүлік салығын да жалға беруші төлейді. Жерді жалдау операциялық жалдың түрі ретінде сыныпталады. Жер мен ғимараттар жалдың жеке элементтері ретінде қарастырылады. Егер де жалдың соңында оның ауысуы көзделся, онда осы объектілер қаржылық жал ретінде сыныпталады. Егер де бұл инвестициялық мүлік болса, онда әділет құнымен бағаланады.
Операциялық жал келісімі бойынша жалгерлік төлемдер барлық жал мерзімі бойынша біркелкі бөлінген шығыс ретінде көрінуі тиіс. Бірақ, егерде басқа жүйелі әдіс табыстарды алудың тізімін толық көрсеткенде, мұндай таным жасалмайды.
Операциялық жал кезінде жал объектілері жалға берушінің балансында есепке алынады. Жалға беруші өзінің балансында жалгерлік төлемдер бойынша және оларды алдын-ала төлеу жасағанда пайда болатын барлық ағымдағы міндеттемелерді мен дебиторлық берешекті көрсетуі тиіс. Жалға беруші жалгерлік төлемдерді өзінің пайда мен залалдар және басқа да жиынтық табыс есептерінде танып, жалдаудың барлық кезеңіне бөлінеді.
Жалға алушының басқа төлемдері: сақтандыру шығындарын өтелу төлемдері, жалданатын құралдарға қызмет ету шығындары пайда болу кезеңіндегі табыстарға кіреді. Операциялық жалдауға берілген активтердің тозуын жалға беруші есептейді.
Жалға алушылар 7 ХҚЕС-ының (IFRS) талаптарын орындаумен қатар операциялық жалдауға сәйкес мынадай ақпаратты ашу керек:
- операциялық жалдаудың күшін жоймайтын шарттары бойынша болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасын мынадай кезеңдер үшін:
а) бір жылдан кем емес;
ә) бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кем емес;
б) бес жылдан кейінгі.
- күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын;
- шартты жалдау төлемдері және қосалқы жалдау бойынша төлемдерінің, сома, төлемдерінің төменгі жалдау төлемдері үшін сомалардың жеке ұсынысымен кезең ішінде шығыс ретінде танылған жалдау және қосалқы жалдау бойынша төлемдер;
- жалға алушының келісілген жалдаудың елеулі шарттарының жалпы сипаты мынадай:
а) шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;
ә) жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы;
б) жалдау шартымен белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауғақатысты шектеулер туралы ақпарат.
3.3 Жалға беруші мен жаға алушының қаржылық есептілігіндегі қаржылық жал
Қаржылық жал бұл активті иеленумен байланысты барлық тәуекелділіктердің мен тиімділіктердің жалға алушыға аударғандағы жал.
Төмендегі жеке немесе бірге алынған жағдайлардың əдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:
- жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалға алушыға көшеді;
- жалға алушы жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні əділ құннан айтарлықтай төмен бағаға активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар болса;
- егер жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды (меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да);
- жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық əділ құнының елеулі үлесін құраса (қаржылық жал төлемдерінің дисконталған құны активтің әділетті құнының 90% көп болуы қажет);
- жалға алынған активтердің тек жалға алушы ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар болса.
Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады:
- жалға алушы жалдауды ертерек тоқтатқан жағдайда, онымен байланысты барлық шығындар жалға алушыға жүктеледі;
- жалдаудың соңында активті жою құнының өзгерудің ауытқулар бойынша табыстар мен шығындарды жалға алушы алады;
- жалға алушы жалды ұзартып, жалгерлік төлемдер нарықтан төмен болуы мүмкін.
ҚХЕС қаржылық жалды жалға алушының есептілігінде актив пен міндеттеме ретінде көрсетуін талап етеді. Қаржылық жал бойынша Жжлға алынған меншіктің құны мен міндеттемелері тең сомаларында болуы қажет. Уақыт келе, бұл сомалары өзгеруі мүмкін, өйткені, жалға алынған мүлік тоза отырып, ал жалгерлік міндеттемелер жалгерлік төлемдерді төлеуге байланысты азайып отырады.
Қаржылық жал кезінде жалға алушы басқа активтерге де қатысты тозуды есептеудің әдістерін қолданады. Жалға алынатын мүлікке есептелетін тозудың сомасы ұйымның шығыстарға есепке шығырылады, cонымен, оның бір бөлігі пайыз түрінде қаржылық төлемдер ретіндегі жалгерлік төлемдерді қосады.
Тозудың сомасы мен жалгерік міндеттемелерді өтеу сомасы есепті кезең бойынша сәйкес келмейді, яғни, активтер мен міндеттемелердің көлемі жалгерлік төлемдерді төлегеннен кейін сәйкес болмайды, сондықтан, жалға алушы тозудың сомасы жал бойынша міндеттемелерді жабу қажет.
Жалға алынған актив бойынша тозуды есептеу оның жалға алынған мерзімінің екі еселігіне немесе пайдалы қызметіне есептелуі қажет. Егер де жалға алушыға активке иелену құқығы берілсе, онда тозудың кезеңіне жалға алынған активтің пайдалы қызмет ету мерзімі алынады,
Тіпті, жал келісім-шарт бойынша жалға алушы активке қатысты заңдық құқықтарын алынбаса, бірақ ҚХЕС (IAS 17) сәйкес келісімнің нақтығы болатын болса, онда қаржылық есептілігінде мұндай жал қаржылық жал ретінде көрсетіледі. Басқаша болғанда, ұйымның экономикалық ресурстары мен міндеттемелердің көлемі төмендетілген болады.
Ағымдағы құны бойынша минималды жалгерлік төлемдер өзіне келісім шартта көрсетілген дисконтау коэффициенті болып табылатын пайыз мөлшерлемесін қосады. Егер пайыз мөлшерлемесін анықтау мүмкіндігі болмаса, онда банкпен бекітілген қарыздық капиталға пайыздық мөлшерлеме есепке алынады.
Қаржылық жал бойынша активті есепке алу ерекшеліктері:
- Актив жал алушының балансында активтер құрамында танылады;
- Активке тозуды жал алушы есептейді;
- Егер келісім-шарт жағдайларына сәйкес жалдау кезеңінің соңында жалгердің меншігіне ауысатын болса, онда актив активке тозуды пайдалы қызмет ету мерзімінің барлық уақытына есептеу қажет. Ал егер де жалдаудың мерзімі керісінше, төмен болса, онда тозу жалдаудың мерзімінің есебінен есептеледі;
- Меншікке салықты жалға алушы төлейді.
- Жалгерлік төлемдер екі бөлімнен тұрады: қаржылық міндеттемені жабудың сомасы мен сыйақылар бойынша шығындар.
- Минималды жалгерлік төлемдердің дисконталған құнын есептеу кезінде жал бойынша пайыздық мөлшерлеме егер де оны анықтау мүмкіндігі болса дисконттауды есептеу жүргізіледі, ал керісінше, мұндай мүмкіндік болмаса, онда бұл активті сатып алу бойынша қолдылуы мүмкін баламалы мөлшерлеме негізінде есептеледі.