Дәрістер

 

13.1 Анықтама

 

Белгіленген бағасы бар келісімшарт - бұл келісімшарт, оған сәйкес мердігер келісімшарт бойынша өнімнің әрбір бірлігі бойынша белгіленген бағасына немесе белгіленген мөлшерлемесіне келіседі, мұның өзі шығындардың өсуіне байланысты көтерілуі мүмкін.

Шығындарды қосу келісімшарты - бұл құрылысқа жасалған келісімшарт, оған сәйкес мердігерге жол берілетін немесе өзгеше анықталатын осы шығындардан шығындарға қосылған пайыздар немесе белгіленген сыйақы өтеледі.

 

Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар бойынша түсім өзіне келесіні қосуы қажет:

- келісімшартта келісілген табыстың бастапқы сомасын;

- келісімшарттың талаптарынан ауытқулар, наразылықтар мен ынталандыру төлемдерін (егер де түсімді алу мен  сенімді бағалау ықтималдылығы болса).

Келісім бойынша түсімнің көлемі кезеңге байланысты, өзгеруі,  талап, айыппұл санкциялары, шығындардың өсуі нәтижесінде  өсуі де, кемуі де мүмкін.

Келісім-шарт бағасының өзгеруі келісім-шарт табысына келесі жағдайларда қосылады:

- тапсырыс беруші өзгеру нәтижесінде өзгеруді мен түсім көлемін бекіту ықтималдылығы болса;

- түсімнің өзгеруі сенімді бағаланудың мүмкіндігі болса.

Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындарға мыналар жатады:

- нақты келісімшартпен тікелей байланысты шығындар;

- жалпы алғанда мердігер келісімшарты бойынша іс-шараларға жатқызуға болатын және нақты

келісімшартқа жатқызылуы мүмкін шығындар; және

- келісімшарт талаптарына сәйкес тапсырыс берушілерге төленуі тиіс осындай басқа да шығындар.

Нақты келісімшартқа тікелей қатысты шығындарға мыналар жатады:

- құрылыс алаңындағы қадағалауды қоса алғанда, құрылыс алаңындағы жұмысшылардың жалақысы;

-  құрылыс салу кезінде пайдаланылған қосалқылардың құны;

- келісімшартты орындау үшін пайдаланылған негізгі құралдардың амортизациясы;

- құрылыс алаңына және алаңынан машиналарды, жабдықтар мен материалдарды көшіріп орнатуға жұмсалған шығындар;

- машиналар мен жабдықтар жалдауға жұмсалған шығындар;

- келісімшартпен тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар;

- қателіктерді түзету мен кепілдік жұмыстарға жұмсалған болжамды шығындар, оның ішінде кепілдік жөндеу шығындары; және

- үшінші тараптардың шағымдары.

Бұл шығындар құрылысқа жасалған шарт бойынша кіріске енгізілмеген кездейсоқ табыспен, мысалы, келісімшарт орындалғаннан кейін материалдардың артықтарын сатудан және машиналар мен жабдықтардың шығарылуынан түскен табыспен кемуі мүмкін. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін шығындар, сондай-ақ, нақты келісімшарттарға жатқызылуы мүмкін, оcs шығындарға келесілер кіреді:

- сақтандыру төлемдері;

- нақты келісімшартпен тікелей байланысты емес конструкторлық және техникалық қолдауға жұмсалған шығындар;

- құрылыс бойынша үстеме шығыстар.

Келісімшартқа кірмейтін  мен оған апарылмайтын шығындар жалпы  әкімшілік шығындарға жатады.

  

13.2 Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар бойынша табыстар мен шығыстарды тану. Келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталу дәрежесін бағалау

 

Құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар бойынша аяқталу сатысына сай түсім мен шығындар кезең табыстары мен шығыстары сияқты пайда мен залалдар және басқа жиынтық табыс есептілігінде тануға жатады.

Белгіленген бағасы бар келісімшарт жағдайында құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша нәтиже мына төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде сенімді бағалануы мүмкін:

- келісімшарт бойынша жиынтық табыс сенімді түрде бағалануы мүмкін;

- келісімшартпен байланысты экономикалық пайдалардың ұйымға түсуі ықтимал болғанда;

- құрылысқа жасалған келісімшартты аяқтау үшін қажетті келісімшарт бойынша шығындар, сондай-ақ есепті күнгі құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталуының сатысы сенімді түрде бағалануы мүмкін;

- құрылысқа жасалған келісімшартқа жатқызылатын келісімшарт бойынша шығындардың айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін, демек құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша іс жүзінде шеккен шығындар бұрын жүргізілген есептік бағалаулармен салыстырылуы мүмкін.

Шығындарды қосу келісімшарты жағдайында құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша төмендегі барлық жағдайларды сақтаған кезде дұрыс бағалануы мүмкін:

-келісімшартпен байланысты экономикалық пайдаларды ұйым алу ықтимал болғанда;

- құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар, олардың нақты өтеуге жатқызылуына немесе жатқызылмауына қарамастан, оған жататын шығындардың айқын сәйкестендірілуі және сенімді түрде бағалануы мүмкін.

Орындалған жұмыстың үлесі бойынша әдіске сәйкес құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс тиісті жұмыс орындалған кездегі есепті кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар әдетте жұмыс орындалған кезде осы кезеңдерге жататын жұмыс орындалған кезде есепті кезеңдердегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі.

Мердігер болашақ қызметпен байланысты құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар шегуі мүмкін. Құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша мұндай шығындар, егер оларды өтеу ықтимал болса, актив ретінде есептеледі. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынуы тиісті сома болып табылады және көбінесе құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша аяқталмаған өндіріс болып бағаланады.

Құрылыс келісімшартының нәтижесі ұйым одан экономикалық пайда алуы ықтимал жағдайында ғана, сенімді түрде бағалануы мүмкін. Алайда, ендігі жерде құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріске енгізілген және ендігі жерде пайда мен шығын туралы есепте танылған соманы алу мүмкіндігіне қатысты екіұштылық туындаған кезде алынуы мүмкін емес сома, немесе өтелуі ықтимал болудан қалған сома құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша табыс сомасын түзету ретінде емес, қайта шығыс ретінде танылады.

Тапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер мен аванстар көбінесе орындалған жұмыстың нақты көлемін көрсете бермейді. Орындалу сатысы есеп жасалған күні шеккен келісімшарт бойынша шығындарға қатынасы бойынша анықталған кезде, тек орындалған жұмысты көрсететін құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар ғана белгілі бір күнге шеккен шығындарға жатқызылады.

Егер құрылысқа жасалған келісімшарттың нәтижесі сенімді ретінде бағаланбайтын болса:

- табыс құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындардың қандай дәрежеде өтелуі ықтимал болғанда ғана танылуы тиіс; және

- құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шығындар олардың туындауы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс.

Келісімшартты орындаудың басталу сатыларында оның нәтижесін сенімді түрде бағалау көбіне қиын болады. Соған қарамастан ұйымның құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша шеккен шығындарды өтеуі ықтимал болады. Сондықтан құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кіріс шеккен шығындар өтелуі күтілетін деңгейде ғана танылады. Өйткені келісімшартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмағандықтан пайда танылмайды. Алайда, тіпті егер келісімшартты орындау нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болмайтын болса, келісімшарт бойынша жалпы шығындар құрылысқа жасалған келісімшарт бойынша кірістің жалпы сомасынан артып кетуі де ықтимал.

Табысты аяқталу сатысының дәрежесіне сай тану құрылыс жұмыстарына жасалған келісімшарттар бойынша шығындар мердігермен аяқталу сатысын растау негізінде есепті күніне бағаланады.  Жалпы шығындардың түсімнен артып кетуі мүмкін болғанда  күтілетін залал шығын ретінде  дереу түрде  танылады.

Есепті жылда пайда болған шығындар, бірақ та, келісімшарт бойынша болашақ қызметімен байланысты  болса, онда олар келісімшарт бойынша аяқталмаған жұмыстар болып танылады. 

Тапсырыс берушіге ұсынылған аралық төлемдердің  жалпы сомасы, есептелген түсімнен (пайда мен залалдар және басқа жиынтық табыс есептілігінде  табыс ретінде танылған) артып кетуі нәтижесінде алдыңғы мен ағымдағы кезеңдерде  бухгалтерлік баланста тапсырыс берушілер алдыңдағы міндеттеме ретінде көрсетіледі. Атап айтылған сома құрылыс келісімшартының  есепті кезең жағдайына шығару бойынша шығындар мен танылған пайдалар (танылған шығындардың мен төленуге тиісті аралық топтардың жалпы сомасын шегерумен) арасындағы айырмашылығы (айырмашылығы теріс болады) ретінде анықталады.   Яғни, шығарылған аралық топтардың  жалпы сомасы  танылған шығындарды шегергендегі өндірістік қосу шығындарынан  сәйкес келісімдерінде артып келеді.