Дәрістер

 

12.1 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің сыныпталуы мен тану

 

Айналымнан тыс активтер шаруашылық қызметінің үрдісінде еңбек құралы ретінде қолданылатын және шығарылатын өнімге қолданылған құның бөліктермен үлестірілетін кәсіпорынның мүліктік  құндылықтарын білдіреді. Басқа айтқанда, айналымнан тыс активтер – бұл кәсіпорынның ұзақ уақытта өзгеріссіз табиғи түрде қызмет ететін бөлігі.

Айналымнан тыс активтердің бухгалтерлік есебі ХҚЕС (IFRS) 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» жүргізіледі, ол өз кезегінде келесі талаптарды орнатады:

- жіктеу талаптарын қанағаттандыратын  сатуға арналған активтері ең аз баланстық құнына және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен бағаланып, бұл активтерге амортизация есептелуі тоқтатылуы тиіс;

- жіктеу талаптарын қанағаттандыратын  сатуға арналған активтері  қаржылық жағдай туралы есептің өзінде бөлек ұсынылып, ал  тоқтатылған қызмет нәтижелері пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынылуы керек.

Кәсіпорындардың көптігінде айналымнан тыс активтердің   негізгі бөлігі негізгі құралдардан тұрады. Негізгі құралдар шаруашылық қызметінде ұзақ мерзім кезеңінде  пайдаланатын, өзінің материалдық формасын мен сыртқы түрін  өзгертпейтін  еңбек құралдары. Олар  бірте-бірте тозып, олардың құны шығарылатын өніміне бір уақытта емес, қолдануына сай және де амортизация шарасы негізінде ауысады.

Негізгі құралдардың құрамына келесілер жатады:

-ғимараттар мен құрылымдар;

-ауыстыру құрылғылары;

-көлік құралдары;

-машиналар мен жабдықтар;

-құралдардың мен өндірістік пен шаруашылық инвентарьдің бірнеше түрлері;

- жұмыс істеуші және өнімді мал;
- көпжылдық екпелер;
- жерлерді жақсарту бойынша капиталдық шығындар.

Материалдық емес активтер –материалдық құрылымы жоқ, бірақ та кәсіпорынның шаруашылық қызметінде пайдаланатын және табыс әкелетін ұзақ мерзімді салымдар. Оларға зияткерлік меншік объектілері, ноу-хау немесе компанияның іскерлік репутациясы жатады. Зияткерлік меншік объектілері зияткерлік қызметінің нәтижелеріне ерекше құқықтарын құрайды: өнертабыс, өндірістік үлгілер, пайдалы модельдер,компьютерлік бағдарламалары және т.б.

Ноу-хау көпшілік әлі біле бермейтін және сауда-саттық тауары бола алатын немесе басқалардың алдында бәсекелі болу үшін пайдаланыла алатын ерекше технологиялар, білімдер, мен қабілеттер.

Әдетте ноу-хау деп басқалар үшін коммерциялық сыр болып табылатын коммерциялық құндылығы бар инновацияларды айтады. Жоғары технологиялы экономикада ноу-хау ірі компаниялардың активтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Мұндай ақпараттың түріне заңды түрде еркін қол сұхушылығылық жоқ және оның құпиялылығын қорғауға  қажетті шараларды қолданады. Іскерлік белсеңділігіне келетін болсақ, ол контрагенттердің сенімділігіне деңгейін анықтайды және де келісім-шарттарды (несиелік шарттарды да қоса) жасауда үлкен маңызын құрайды.

Айналымнан тыс активтерге салымдар – бұл cатуға емес арналған айналымнан тыс активтерді сатып алуға және  көлемін ұлғайтуға бағытталған шығындар. Оларға келесілер жатады: құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары, құралдарды мен жабдықтарды сатып алу, жылжымайтын мүлік объектілері, материалдық емес активтер, жобалау-іздестіру шығындары және бұрғылау жұмыстары және т.б. Бұл ұзақ мерзімді активтердің санаты аяқталмаған жұмыстар объектілері мен монтаждалмаған құралдар және т.б.

ХҚЕС (IFRS) 5 меншікті сату қызметтің негізгі түрі болып табылмағанда қолданылады. Қаржылық кәсіпорындар жағдайда олардың негізгі қызметі  несиелерді беру, бірақ та, осыны жасау үшін олар меншікті сатып алады және сатады.

ХҚЕС (IFRS) 5 сәйкес айналымнан тыс активтер айналым активтердің құрамына тек ғана «сатуға арналған» өлшеміне сай болғанда ғана аударылады. Бұл ереже сатуға үшін сатып алынған айналымнан тыс активтерге де қатысты. Айналымнан тыс активтер  және шығу топтары сатуға арналған ретінде сыныпталып, олардың баланстық құны сатудың нәтижесінде ақталады.

 

Сату үшін активтер топтары (CАТ).

Актив немесе шығу топтары олардың ағымдағы жағдайында сатуға тез арада дайындалуы тиіс және де оларды сатудың ықтималдылығы жоғары болуы керек.

Шығаруға арналған топ - сатуға арналған немесе біріңғай операция нәтижесінде жолымен шығатын немесе бұл активтермен байланысты  жағдайлар мен бұл операцияны жасағанда айырбасталатын активтер. Шығаруға арналған топ - ХҚЕС (IFRS) 5 cәйкес ақша ағындарын жасайтын, гудвиллді қосатын, бизнесті біріктруден пайда болатын және де бұл топқа апарылған бірлік болып табылады.

 Мысалы, белгілі бір өнімнің түрін шығаратын және шығаратын өнім ассортиментінің өзгеру жоспарымен сәйкес сатуға жоспарлайтын ұйымның құрылымдық бөлімі. Қоймалық кешенді тауарлардың сатуын аяқтауға байланысты, сәйкесінше, тиісті ауданда жабу болып табылады. Бірінші жағдайда шығаруға арналған топ  пайда болып, сатуға арналған ретінде сыныпталады. Екінші жағдайда, шығаруға арналған топ аяқталған қызмет түсінігіне сәйкес болуы мүмкін, бірақ та, сатуға арналған шығаруға арналған топ ретінде танылмайды.

Осылайша, егер де ұйым сегмент немесе сегменттің бөлігін сататын болса, онда ол сатуға арналған сатылатын активтер мен міндеттемелерді өзінің есебінде мен есептілігінде көрсетеді. Егер де сегментті жабу мәселесі туындаса, онда ұйым қызметті аяқтауға қатысты орнатылған ережелерін қолдануы тиіс.

Сатуға арналған ретінде сыныпталған шығаруға арналған топтың активтері мен міндеттемелері  қаржылық жағдай туралы есептілігінде көрсетіледі. Баланста сатуға арналған шығаруға арналған топпен байланысты емес  айналымнан тыс активтер көрсетіледі.

Сақтауға дайындалатын айналымнан тыс активтер немесе шығу топтары сатуға арналған ретінде сыныпталмайды. Олардың баланстық құны  компания ішінде қолдану арқылы өтелетін болады.

Шығарылатын немесе болашақта ұйымға экономикалық пайданы әкелудің қабілеттігі жоқ объектілердің құны бухгалтерлік есепте шығыралады.

Сатуға арналған айналымнан тыс активтер тозбайды. Олар келесі екі өлшемнің төмендігісімен бағаланады:

-ағымдағы баланстық құнымен;
-сату шығындарын шегеру негізіндегі әділ құнымен.
Басшылық активті немесе шығаруға арналған топты сатудың жоспарын бекітіп, сатып 
алушыларды іздеу қажет. Сонымен бірге,  активті немесе шығаруға арналған топты сату үшін
барлық шараларды қолдану қажет. 
Болжамды сату сыныпталу күнінен бастап ағымдағы бір жылдың ішінде жасалуы тиіс. 
Сонымен бірге, осы жоспарға елеулі өзгерістері жасалмауы керек.
Жалпы сату операциясы айналымнанс тыс активтерді басқа айналымнан тыс активтерге 
айырбастау жолымен жасалуы мүмкін.
 
12.2 Cатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен шығаруға арналған топтардың  
құнсызданудан шығындарды тану  және оларды жою
 
 Ұйым активтің (шығарылатын топтың) құнсызданудан залалды  бастапқыда және кейінгі 
бағалауда өткізу шығындарды шегеруден қалған әділет құнымен таниды. Әділет құнының 
 кейінгі  өсуі нәтижесіндегі алынатын кез-келген пайда сату шығындарын шегеру негізінде 
құнсызданудан жинақталған залал сомасынан артық емес көлемінде танылады.  
Сату шығындарын шегергендегі әділ құнымен бағаланған кезіндегі залалы пайда мен залал 
есептілігінде толығымен танылады. Егер де  сатуға арналған айналымнан тыс активтер сату күніне  
өткізілмесе, онда олар қаржылық жағдай туралы есептілігенде Сату шығындарын шегергендегі 
әділ құнымен көрсетіледі. Кейінгі бағалаудың нәтижесінде әділ құнының өсуі алдыңғы кезеңде 
 танылған құнсызданудың залалы шегінде танылады.  
 Ұйым сатуға арналған ретінде немесе сатуға арналған шығарылған топтың бөлігі ретінде 
сыныпталғанға дейін  ұзақ мерзімді активке амортизация есептемейді.
Қаржылық есептілігінде қызметті тоқтату туралы ақпаратты және компоненттер бойынша
 қоса алғанда, активтердің сатуды көрсетуі тиіс. 
  Осылайша, ХҚЕС (IFRS) 5 «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған 
қызмет» сатуға арналған активтер санатына сәйкес активтер екі өлшемнің төмендігісімен
 бағалануды талап етеді: ағымдағы баланстық құнымен, сату шығындарын шегеру негізіндегі 
әділ құнымен және де мұндай активтердің тозуы аяқталады.