Дәрістер
4 дәріс. Бөлім. Есептілікте қаржылық активтер мен міндеттемелерді көрсету
4.1 Қаржы Құралдары, олардың мәні мен сыныптамасы
Қаржылық құрал бұл бір мезгілде бір ұйымда қаржылық активтің мен екінші ұйымда қаржылық міндеттеменің немесе қарыздық құралдың пайда болуын әкелетін келісім-шарт.
ҚХЕС (IFRS) 7 «Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету» ұйым қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржы нәтижелері тұрғысында қаржы құралдарының маңызы және есепті кезең ішінде және есептік кезеңнің соңында ұйым тәуелді болатын қаржы құралдарынан пайда болатын қауіптердің сипаты мен дәрежесі туралы қаржылық есептілікте ашудың талаптары анықталған. Ақпаратты ашудың қажетті көлемі ұйыммен қаржы құралдарды қолдану дәрежесіне мен онымен байланысты тәуекелдерге байланысты болады.
Қаржы құралы бұл бір ұйымда қаржылық актив, ал екіншісінде қаржылық міндеттеме туындайтын келісім шарт.
Үлестік құрал – бұл барлық міндеттемелерді шегеруден қалған ұйым активтердің үлесіне құқықтарды куәландыратын келісім-шарт.
Әділ құн — бұл бағалау күніне келетін активтерді сату немесе нарықтағы қатысушылар арасындағы еркін түрде мәмілені жасау уақытында міндеттемелерді ауыстыру кезіңдегі төленетін баға.
ҚХЕС (IFRS) 7 ережелері IAS 32 «Қаржы Құралдарын: Ұсыну» мен IAS 39 «Қаржы құралдары: Тану және бағалау» анықталған қаржылық активтер мен міндеттемелерді бағалау мен көрсету принциптерін толықтырады.
Қаржылық актив ұйымның кез-келген активтерді келесі түрлерде көрсетіледі:
-ақша қаражаттары;
- келісім-шарттан шығатын ақша қаражаттарды немесе басқа қаржы активтерді басқа ұйымнан алуға құқықтары;
- келісім-шарттан шығатын басқа ұйыммен қаржы құралдарды ықтималды тиімді шарттарда айырбастау құқықтары;
-басқа ұйымның үлестік құралы;
-ұйым меншікті үлестік құралдарымен есеп айырысу жүргізе алатын немесе жүзеге асыру мүмкіндігі бар келісім-шарттар.
Қаржылық міндеттеме келісім-шарттан пайда болатын келесі міндеттемелерді құрайды:
-басқа ұйымға ақша қаражаттарды немесе қаржылық активтерді беру;
- ықтималды тиімсіз шарттарда қаржы құралдарды басқа қаржы құралдарға айырбастау;
- меншікті үлестік құралдарды беру негізінде есеп-айырысу жасалатын келісім-шарт.
Үлестік құрал барлық міндеттемелерді шегеруден қалатын ұйым активтері болып табылатын капиталдың үлесіне құқықты беретін кез-келген келісім-шарт. Үлестік құрал қаржылық құралға қарағанда қаржылық активтердің иеленушілерге оларды беру міндеттерін туғызбайды.
Туынды қаржы құралы ретінде келесі қаржы құралы танылады:
- оның құны пайыздық мөлшерлеменің, тауар бағасының немесе бағалы қағаздар бағамының, бағалар индексінің, рейтингтің мен басқа базистік құбылмалының әсерінен өзгерілсе;
-оны сатып алу барысында нарықтағы өзгерістерге бағалары тәуелді болатын басқа қаржы құралдарға қарағанда шағын инвестицияларды қажет ететін болса;
- болашақта есеп-айырысулар жүргізілетін болса.
Туынды қаржы құралдардың мысалдарына фъючерстерді, форвардық келісім-шарттарды, опциондарды, своптарды жатқызуға болады.
Күрделі қаржылық құрал – қаржылық міндеттеме мен үлестік құралдардың жиынтығынан тұратын құрал. Мұндай құралдардың мысалдарына жай акцияларына ауысатын немесе қаржылық емес активтермен жабылатын облигациялар жатады. Күрделі қаржы құралы туынды қаржы құралын өзіне қосуы мүмкін.
ҚХЕС қаржы құралының құрамына қосылған қаржылық міндеттемелерді, үлестік құралды, туынды құралын жеке көрсетуді талап етеді.
Қаржылық активтер мен міндеттемелердің сыныптамасы
Категория |
Сипаттама |
Әділ құнымен бағаланатын және өзгерістері пайда немесе залалға әкелінетін қаржылық активтер мен міндеттемелері |
Қаржы активтері ұйыммен қысқа мерзімде бағалардың мен пайыздық мөлшерлемесінің өзгеруінен пайда алу мақсатында сатып алынады. Бұл категорияға (сатып алу мақсатына тәуелсіз) қысқа мерзімде пайда алуды көрсететін құрылымы бар портфельге кіретін қаржылық активтері кіреді. Тиімді хеджирлеу құралдардан басқа туынды қаржы құралдары. |
Өтелуге дейінгі инвестициялары |
Мұндай инвестицияларға өтеу уақытына дейінгі ұйым өзінің иелігінде алуды көздейтін бекітілген немесе басқаша түрде анықталған төлемдерімен қаржылық активтер. |
Несиелер мен дебиторлық берешек |
Бұл категорияға ақша қаражаттарды, тауарлар мен қызметтерді тікелей дебиторға (қысқа мерзімде оларды қайта беруден басқа) көрсетуден пайда болатын қаржылық активтер. |
Әділ құнымен бағаланатын және өзгерістері басқа жиынтық табыстар құрамында көрсетілетін қаржылық активтер |
Бұл категорияға басқа категорияға кірмейтін қаржылық активтер жатады. |
4.2 Қаржы құралдарды тану мен бағалау
Ұйымдар қаржы активті немесе қаржы міндеттемені қаржы құралының негізі болып табылатын келісім-шарттың жағы болғанда таниды. Қаржы құралды шығарушы ұйым бастапқы тану кезіңде оның құрамын құрайтын міндеттемелерді немесе капиталды сыныптау қажет. Қаржы құралдары ұйымның активтер мен міндеттемелер құрамында көрсетіледі.
Активті немесе міндеттемені тану мақсатында жалғыз келісім-шарттың болуы жеткіліксіз, сондықтан, келісім-шарттың бір тарабы активті немесе міндеттемені алу құқығы пайда болатын іс-әрекетті жасау тиіс.
Активтер келісім-шартты жасау уақытында немесе есеп-айырысулар күнінде танылады. Тандалған есеп әдісі активтердің бір категориясына қатысты кезең қатарынан қолданылады. Келісім-шартты жасау күні деп активті сатып алу немесе сату міндеті қабылданған күнін түсінуге болады. Есеп –айырысу күніне ұйының келісім-шартында көрсетілген уақытында қаржы құралын нақты беру күнін айтуға болады.
Ұйым қаржылық активтерді кейін амортизацияланған құны немесе әділ құнымен бағалау негізінде келісіні ескере отырып, сыныптайды:
- қаржылық активтерді басқаруда қолданатын ұйымның бизнес-моделін;
- келісім-шартпен ақша ағындарын алуымен байланысты қаржылық активтердің сипаттамаларын.
Қаржылық актив амортизациялық құн негізінде келесі шарттар орындалғанда бағаланады:
- келісім-шартпен көзделген ақша ағындарын алу мақсатындағы бизнес-модельдің шеңберінде актив ұсталынғанда;
- өтелмеген негізгі қарыз сомасына негізгі қарыз мен пайыздар бойынша төлемдерді алудың келісім-шарттың жағдайларда.
Қаржылық активтер мен міндеттемелердің категориялары.
Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер |
Өзгерістері пайда мен залалдар құрамында көрсетілетін және әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен міндеттемелері |
Амортизациялық құн бойынша бағаланатын қаржылық міндеттемелері |
Өзгерістері басқа жиынтық табыс құрамында көрсетілетін және әділ құнымен бағаланатын қаржылық активтері |
Ұйым бастапқы тану кезінде қаржылық активті немесе міндеттемені әділ құнымен бағалайды, ал егер де әділ құнымен бағаланатын қаржылық актив пен міндеттеме болмаса, онда олардың өзгеруі пайда немесе залал құрамында көрсетіледі.
4.3 Әділ құн. Әділ құнды анықтаудың әдістері.
Қаржы құралдарының әділ құны ықтималдылығы жоғары дәрежесінде келесі шарттарда анықталады:
- ашық нарықта қаржы құралының бағасы туралы ашық ақпарат болса;
- қаржы құралы рейтингте қатысып отырса;
- қаржы құралын белсенді нарықтың ақпараты негізінде бағаланатын моделі бар болса;
- қаржы активі немесе қаржылық міндеттеменің әділ құны жалпыға ортақ әдістерін қолдану жолымен, мысалы, ақша ағындарын дисконтаумен анықталуы мүмкін.
Пайда немесе залалдар құрамында көрсетілетін қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді әділ құнымен есептелмеген жағдайда қаржы құралын сатып алумен немесе шығарумен байланысты келісім-шарттың шығындарына консультанттарға, брокерлерге, дилерлерге берілетін комиссиялары мен сыйақылары, реттеуші органдардың мен қор биржалардың алымдары және де бюджетке салықтар кіреді.
Келісім-шарт бойынша шығындарға қарыздық құралдардың сыйақылары немесе дисконты, қаржыландыру шығындары, ұйымның әкімшілік шығындары және активтерді басқару шығындары кірмейді.
Қаржылық міндеттемелерге қатысты пайыздар, дивиденттер және пайда мен залалдар табыстар мен шығыстар ретінде танылып, пайда мен залалдар және басқа жиынтық табыс есептерінде көрсетіледі.
Бастапқы бағалау.
Бастапқы тану кезінде қаржылық актив пен қаржылық міндеттеме әділ құнымен бағаланады. Әділ құнның өзгеруі осындай қаржы құралдарды сатып алуымен және шығаруымен байланысты болады.
Егер де бастапқы тану кезінде қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құны келісім-шарттың бағасынан өзгеше болса, онда бұл айырмашылықты ұйым пайда немесе залал ретінде тануы тиіс. Бірақ та мұндай әділ құн дәл осындай қаржылық активке мен қаржылық міндеттемеге нарықтық бағасымен немесе нарықты қарастыру негізінде бағалау әдісімен расталуы тиіс.
Кейінгі кезеңдегі қаржылық активтерді бағалау.
Бастапқыда танудан кейін қаржылық актив әділ құнымен немесе амортизацияланған құнымен бағалайды.
Қаржылық активтерді мен міндеттемелерді бағалау келесідей жүзеге асады:
Қаржылық активтердің түрлері |
|||
Өтелуге дейін ұсталатын инвестициялары |
Өзгерістері пайда мен залалдар құрамында көрсетілетін және әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер |
Ұйыммен берілген несиелері мен дебиторлық берешек |
Өзгерістері басқа жиынтық табыс құрамында көрсетілетін және әділ құнымен бағаланатын қаржылық активтері |
Кейінгі кезеңдегі бағалау |
|||
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі қолданылуымен амортизацияланған әдісі |
Әділ құн |
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі қолданылуымен амортизацияланған әдісі |
Әділ құн |
4.4 Амортизацияланған құн. Дисконт пен сыйақылардың амортизациясы
Қаржылық актив немесе міндеттеменің амортизациялық құны қаржылық құралдардың бастапқы танылған сомасынан негізгі қарыз сомасын жабуға бағытталған төлемдерді, төмендетілген немесе өсірілген бастапқы мен өтелген амортизацияның тиімді пайыз мөлшерлемесі әдісін қолданумен анықталған айырмашылық сомасы және де құнсыздануға немесе күмәнсіз қарыздарды төмендетуге арналған сомаларды шегеруден (тікелей немесе резервтік шотты пайдаланумен жүзеге асырылатын) анықталады.
Тиімді пайыздық мөлшерлемесінің әдісі қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің (не қаржы активтері немесе қаржы міндеттемелері тобының) амортизацияланған құнын есептеу және тиісті кезең ішіндегі пайыздар төлеуге арналған пайыздық кірістер және шығыстарды есептеу әдісін білдіреді.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме болашақ төлемдердің немесе түсімдердің күтілетін сомасын осы қаржы құралы бойынша өтеу мерзімі басталғанға, яғни, қаржылық актив пен міндеттеменің таза баланстық құнына ең қысқа мерзімге дейін қолданылады.
Тиімді пайыздық мөлшерлемесін есептеу кезінде ұйым ақша қаражатының ағындарын қаржы құралының (мысалы, алдын ала ақының, сатып алу опционының және осындай опционның) барлық шарттық талаптарын ескере отырып айқындау міндетті, бірақ болашақ кредиттік шығындарды назарға алуға құқылы емес.
Бұл есеп келісім бойынша тараптармен алынған немесе берілген тиімді пайыз мөлшерлемесінің, келісім шығындарының мен басқа барлық жеңілдіктер және сыйақылардың құрамында болатын барлық сомалары есептеледі.
Ақша қаражатының ағындары және ұқсас қаржы құралдарының тобының есептік мерзімі шынайы бағалануы мүмкін екені болжанады. Дегенмен, ақша қаражатының ағындарын немесе қаржы құралын (немесе қаржы құралдары тобының) қолданудың күтілетін мерзімін бағалауға мүмкін болмайтын сирек кездесетін жағдайларда ұйым шартта көзделген ақша ағындарын қаржы құралының (немесе қаржы құралдары тобының) бүкіл шарттық мерзімі ішінде пайдалануға міндетті.
Операциялар бойынша шығындар қаржы активін немесе қаржы міндеттемесін сатып алуға, шығаруға немесе шығынға жазуға тікелей байланысты қосымша шығындарды білдіреді. Егер ұйым қаржы құралын сатып алмаса, шығармаса немесе өткізбесе, қосымша шығындар туындамайды.
Мұндай әдіс келесілерге қатысты қолданылмайды:
- пайда мен залал арқылы және де әділ құнымен бағалануы тиісті қаржылық міндеттемелер. Оған айналмайтын үлестік құралымен байланысты туынды –өзіндік құнымен есептелетін міндеттеме жатпайды;
- Қаржылық активті беру кезінде танудың аяқталуы болып табылмайтын немесе активте қатысуға негізделген әдіс қолданған жағдайындағы қаржы құралдары;
- нақты келісілген шарттар негізінде дебитормен төлемеу нәтижесінде полисті иеленушінің залалдарын эмитентпен жабуға міндеттейтін қаржылық кепілдік келісім-шарт;
- нарықтағы мөлшерлемеден төмен пайыздық мөлшерлемесімен берілетін несие бойынша келісім.
Қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны бастапқыда танылған құннан негізгі қарыз және пайыздар бойынша төлемдерді шегеріп, бастапқы мен өтеу кезіндегі жинақталған амортизацияның айырмашылығының қосындысы негізінде анықталады:
АС = PV -∑CF+AA
Мұндағы,
AC (Amortised cost) – кезең соңындағы амортизацияланған құны;
PV (Present Value) –ағымдағы (әділ) құны:
СF (Сash flows) – қаржылық міндеттеме келісімі бойынша ақша төлемдері;
AA (Accumulated amortization) – жинақталған амортизацияның айырмашылықтары.
Амортизациялық құн бойынша есептің қиыншылықтары пайда болуымен, танумен және қаржылық міндеттеме бойынша бастапқы мен өтелу кезеңіндегі құнының айырмашылығын болашақтағы есепке алуымен байланысты.
Бұл айырмашылық ҚХЕС (IAS) 39 Қаржы құралдары: Тану және бағалау міндеттерінен шығатын, қарыздық қаржыландырумен байланысты шығындарды шегеруді есепке алғанда қаржылық міндеттемелерді әділет құнымен бастапқыда тануды көздейді. Бірақ, келісім бойынша әділ құнынан шығындарды шегеру міндеттемесі тек ғана болашақта амортизацияланған құнымен есепке алынатын қаржылық міндеттемелеріне қатысты болады. Басқа қаржылық міндеттемелер келісім бойынша шығындарды шегеруінсіз әділ құнымен танылады.
Ұйым қаржылық активтің мазмұнын құрайтын келісім бойынша құқықтарын жоғалтатын уақытында оны тануды аяқтайды.
Ұйым тану мерзімі аяқталатын қаржылық активті баланстық құнымен есептен шығарады.
Оның баланстық құнының мен түсетін немесе түсуге мүмкін болатын қаражаттардың айырмашылығы және де капитал шоттарында есепке алынатын қайта бағалаудың нәтижесі пайдалар мен залалдар құрамында көрсетіледі.
Қаржылық міндеттемені тануды аяқтау оны өтеу, заңдық түрде жою немесе оны орындау мерзімінің аяқталуы кезінде жасалады.
Қаржылық міндеттемелер әр есепті кезеңде құнсыздануы жағынан қарастырылуы тиіс. Құнсыздануынан болатын залалдар қаржылық активтердің категориясына тәуелсіз ағымдағы кезеңдегі қаржылық нәтижелерге қосылады.
Егер де құнсыздануына саудалық қаржылық актив ұшыраса, онда осы құнсыздануының сомалары капитал шоттарынан есептен шығарылып, есеті кезеңдегі залалдарға жіберіледі
4.5 Қарыздық капиталдың сыныптамасы. Елеулі ықпалдың критерийлері
Инвестормен қауымдасқан ұйымдарға инвестициялардың есебі үшін ҚХЕС 28 қолданылады. Бұл стандарт келесі терминдерді ашуды көздейді:
Қауымдасқан ұйым -инвестор елеулі ықпалды жасайтын ұйым.
Елеулі ықпал — инвестиция алушының қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі бар, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылауды жасамауы болып табылады.
Инвестор-ұйымы бақылауды жүзеге асады, егер де келесі шарттар орындалса:
-инвестор инвестиция объектісіне қатысуынан болатын өзгермелі табыспен байланысты тәуекелділіктерге ұшыраса;
-табысты алуға құқығы болса;
- егер де инвестор инвестиция объектісіне қатысты өзінің өкілеттілік арқылы табысқа ықпал етуге мүмкіндігі болса.
Егер де инвестиция объектісіндегі инвестордың табысы осы объектің қызметі бойынша көрсеткіштеріне тәуелді өзгеретін болса, онда инвестор инвестиция объектісіне қатысуынан болатын өзгермелі табыспен байланысты тәуекелділіктерге ұшырайды. Бақылаудың болу анықтамасында өкілеттіліктер мен табыстар арасындағы елеулі байланыстын болуы көрсетіледі. Яғни, инвестор инвестиция объектісіне қатысуынан алынатын табыстарына әсер ету мақсатында өкілеттіліктерге ие болады.
Өкілеттілік – ағымдағы уақытта маңызды қызметті басқару мүмкіндігін беретін құқықтар. Осы стандарттың шеңберіндегі елеулі қызметті анықтамасы келесідей болады: «бұл инвестиция объектісінен алынатын табысқа ықпал етуші қызмет».
Еншілес ұйым – басқа ұйыммен бақыланатын ұйым болып табылады.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - бұл әдіске сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады, ал содан соң инвестиция алушының таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне сәйкес есепке алу әдісі.
Инвестордың пайдасы немесе залалы инвестиция объектісінің пайда немесе залалдағы үлесін қосады, ал басқа жиынтық табыс инвестиция объектісінің басқа жиынтық табыстағы үлесін қосады.
Егер ұйым инвестиция алушының дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20 пайызына тікелей немесе жанама (еншілес ұйымдар арқылы) иелік етсе, егер де бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмағанын көрсетпеген жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді.
Сонымен, керісінше, егер инвестор инвестиция алушының дауыс беру құқығы бар акцияларының 20 пайызынан азына тікелей немесе жанама (еншілес ұйымдар арқылы) иелік етсе, егер де керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмағанын көрсетпеген жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді.
Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалға ие болуына кедергі жасауы міндетті емес.
Инвестордың елеулі ықпалының болуы төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
- инвестиция алушының директорлар кеңесіндегі немесе басқару органындағы өкілдігінің болуы;
- дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты құру барысына қатысуы;
- инвестор мен инвестиция алушыны арасындағы ірі операциялардың болуы;
- басқару қызметкерлерімен алмасуы; не
- маңызды техникалық ақпарат беруі.
Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында ұйымға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлеуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлеуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет.
Егер, мысалы, әлеуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.
Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес, қауымдас ұйымдағы инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың қаржылық жағдай туралы есептік құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестиция алушының пайдасы мен шығынындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестиция алушының пайдасы мен шығынының инвесторға тиесілі үлесі инвестордың пайдасы мен шығынында танылады. Инвестициялар объектісінен алынған табыс инвестициялардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын азайтады. Инвестордың инвестициялар объектісіне қатысуының теңбе-тең үлесінің инвестиция алушының басқа толық табысындағы өзгерістердің нәтижесінде туындайтын өзгерістерін көрсету үшін, қаржылық жағдай туралы есептік құнды түзету қажеттігі туындауы мүмкін. Осындай өзгерістерге меншік, ғимараттар және жабдықтарды қайта бағалаудан және шетелдік валюта бағамдарын аудару айырмашылықтарынан туындайтын өзгерістер жатады.
Өзіндік құн бойынша есептеу әдісі бұл инвестициялары өзіндік құн бойынша тіркелгендегі қолданылатын әдіс болып табылады. Осы әдіске сәйкес инвестор компанияға өзінің инвестицияларын өзіндік құн бойынша тіркейді.
Инвестор сатып алу күнінен кейнгі кезеңдегі инвестиция объектісінен алынатын жинақталған таза пайдасынан түсетін табыстар дәрежесінде танып отырады. Ал осындай пайдадан жоғары алынатын табыстары инвестициялардың өтелуі ретінде қарастырылып, инвестициялардың құнын азайтады.
4.6 Үлестік қатысу әдісін қолдану. Үлестік қатысу әдісін қолданудан босату. Жеке қаржылық есептілік
Жеке қаржылық есептілік бұл бас компаниямен немесе инвестиция объектісін инвестормен басқарылатын немесе елеулі ықпал ете алатын ұйымның қаржылық есептілігі болып табылады. Сонымен бірге, бұл қаржылық есептілік ХҚЕС (IFRS) 9-ға сәйкес немесе инвестициялардың өзіндік құны бойынша есепке алынуы тиіс. Үлестік қатысу әдісімен құрастырылған қаржылық есептілік жеке қаржылық есептілік ретінде танылмайды. Сәйкесінше,
еншілес компаниялары, қауымдасқан компаниялары және бірлескен компаниялардағы үлесі болмаса компанияның қаржылық есептілігі жеке қаржылық есептілігі ретінде танылмайды. Инвестиция объектісіне елеулі ықпалы бар ұйым-инвестор қауымдақан компанияларға өзінің инвестицияларын үлестік қатысу әдісін қолдану тиіс (бірақ, егер де ұйым инвестицияларды үлестік қатысу әдісімен есепке алудан босатылған жағдайды ескермегенде).
Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойынша олар қауымдасқан ұйым анықтамасына сай келетін күнінен бастап есептелуі тиіс.
Үлестік қатысу әдісін қолдану кезінде қауымдасқан ұйымның соңғы қаржылық есептілігі қолданылады және де оны дайындау күні көбінесе инвестормен қаржылық есептілікті дайындаудың күнімен сәйкес келеді.
Егер де инвестор мен қауымдасқан кәсіпорынның қаржылық есептіліктерді дайындаудың күндері сәйкес болмаса, онда инвестор үшін қауымдасқан ұйым арнайы есептіліктерді дайындайды. Ал егер бұл тиімсіз болса, онда қаржылық есептілік әр түрлі есепті күндеріне жасалады.
Ұйымның қаржы есептілігі осыған ұқсас жағдайларда болған операциялар мен оқиғалар үшін бірыңғай есеп саясатын қолдану негізінде жасалуға тиіс.
қаржылық есептіліктер
Әр түрлі есепті күніне дайындалған қаржылық есептіліктер инвестор мен қауымдасқан ұйымдар арасындағы елеулі ықпалдар мен оқиғаларға әсерін есепке алу үшін қолданылады.
Инвестордың қаржылық есептілігі көбінесе осыған ұқсас жағдайларда ұқсас операциялар мен оқиғалар үшін құрастырылады.
Көптеген жағдайларда қауымдасқан ұйымдар ұқсас операциялар мен оқиғалар және де ұқсас жағдайларда болғандарға үшін инвестормен қабылданғанға ұқсамайтын басқа есеп саясатын қолданады.
Қауымдасқан компанияның қаржылық есептілігі инвестормен үлестік қатысу әдісін қолданғанда түзетіледі.
Егер қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорынның ұйымнан өзге тараптар иелік ететін кумулятивті артықшылығы бар және капитал ретінде жіктелген акциялары айналыста болса, ұйым дивидендтер жарияланғанына немесе жарияланбағанына қарамастан, осы акцияларға дивидендтер бойынша түзетулер жүргізілгеннен кейін пайдалар мен залалдардағы өз үлесін есептейді.
Егер ұйымның қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы үлесі оның оған қатысу үлесін құраса немесе одан асып кетсе, ұйым одан кейінгі шығындардағы өз үлесін тануды тоқтатуға тиіс. Қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы қатысу үлесі негізінен, ұйымның қауымдасқан ұйымдағы немесе бірлескен кәсіпорындағы инвестициясының бір бөлігін құрайтын кез келген ұзақ мерзімді қатысу үлестерімен қатар, осы қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын инвестициясының үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісінің көмегімен есептелген қаржылық жағдай туралы есептік құнына тең болады.
Егер қауымдасқан ұйым немесе бірлескен кәсіпорын кейіннен пайдалар жарияласа, онда ұйым оның осы пайдадағы үлесі танылмаған шығындардың үлесімен теңестірілгеннен кейін ғана осы пайдадағы өзінің үлесін тануды жаңартады.