Тәжірибелік жұмыстар

 

Тапсырма:

 

1. Функционалды валютаны есептілік валютасына қайта есептеу.

2007 жылдың желтоқсанында құрылған шетелде орналасқан ұйымсауда қызметімен айналысады. 90 000 АҚШ доллары сомасында тауар алынды. 2009 жылдың қаңтар айында тауар 100 000 АҚШ доллары сомасында сатылды. Берешекті өтеуде табыс сомасы 90 000 АҚШ долларына бағытталды. Ай соңында ақша қаражаттарының қалдық сомасы 10 000 АҚШ долларын құрады. Айырбас бағамы 1 желтоқсанға – 150 теңге, 31 желтоқсанға – 148 теңге. Орташа бағам - 149 теңге.

 

Тапсырма. Бағам айырмашылығынан пайда немесе залалды анықтау.

 

2. Меншікті капиталға әсері.

Жыл соңында ұйым активтерінң жалпы сомасы функционалды валютада 23 000 000 теңгені құрайды. Ұйым міндеттемелері 13 900 000 теңге құрады. Жыл бойынша таза пайда – 6 750 000 теңге. Есептілік валютасы теңге, бірақ шетелдік серіктестерге есептілік АҚШ долларымен құрылады.Бағамдар: 31 желтоқсанға– 148 теңге; есептік кезеңге орташа есептелінген бағам – 149 теңге.

 

Тапсырма. Бағам айырмашылығынан кірісті анықтау.