Тәжірибелік жұмыстар

 

Тапсырма:

 

1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «А» ұйымы «Б»  ұйымынан әділ құны 8 725 мың теңге автокөлікті келесі шарттар бойынша жалдайды:

1. Мерзімі 50 ай жойылмайтын жалдау.

2.    200 мың теңге сомасындағы ай сайынғы жалдау төлемдері әрбір айдың соңында төленуі тиіс. Мөлшерлеме 1% кезінде, әрқайсысы 200 мың теңгеден 50 жалдау төлемдерінің келтірілген құны (қарапайым аннуитет) 7 840 мың теңгеге тең.

3.    50 айдан кейін бағалаудың жойылу құны 1 180 мың теңгені құрайды (айына 1% болғанда, келтірілген құн 715 мың теңгені құрайды).

4.    Автокөлікті пайдалануды бағалау мерзімі 60 айды құрайды.

5.    «А» қарыздық капиталына пайызды есептеу мөлшерлемесі жылына 12% (айына 1%). «Б» ұйымының мөлшерлемесі белгісіз (жалға берушінің).

 

Тапсырма:

а)   «А» үшін бұл жалдаудың мәнін анықтау.

ә)   кепілденген және кепілденбеген жойылу құны кезінде жалдау бойынша ең төмен жалдау төлемдерінің келтірілген құны.

б)  кепілденген және кепілденбеген жойылу құны кезінде жалдаудың бірінші айына «Такси-лидер» үшін қажетті жазбаларды көрсету.

 

2.Жабдықты жалдау мерзімі –5жыл. Сатып өткізу құны 110 000 мың теңге. Меншік құқығы жалдау мерзімінің соңында ауысады, кепілденбеген қалдық құны – 10 000 мың теңге. Жалға алушы 100 000 мың теңгені есепке алады. Жалға алушы жыл сайын 25 000 мың теңге мөлшерінде жалдау ақыларын төлеуге міндеттенеді. Қарастырылған пайыздық мөлшерлеме –7,93%.

 

Тапсырма:

Жалдау төлемдерін (жалға алушы) бөлу кестесін құру.

7-кесте. Тиімді мөлшерлеме 7,93% (жалға алушы) кезінде, жалдау төлемдерін бөлу кестесі

 

Мерзімі

Жалдау міндеттемесі

Ең төменгі жалдау ақылары

Пайыздар бойынша шығыстар

Жалдау міндеттемесінің азаюы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма. Қаржылық лизинг

2015 жылдың 2 қаңтарында Б ұйымы 200 000 мың теңге жылдық төлеммен құрылғыны қаржылық лизинг туралы бес жылдық шартқа қол қояды. Құрылғының таза келтірілген құны 758 000 мың тг құрайды. Алы-беріс мөлшерлемесі 10%(фактор 3,79). ) Құрылғыны пайдалы қолдану мерзімі лизинг мерзімімен сәйкес келеді. Компания құрылғының амортизациясын есептеуде түзусызықты әдісті қолданады.

Қаржылық жалдау бойынша операцияларды көрсетуде 2015 жылы Б компаниясы орындауы тиіс жазбаларды құрыңыз.

 

4-кесте. Жал төлемдерін бөлу сызбасы

мың теңге

Жал мерзіміне

Ақшалай төлемдер

Төленуге тиісті шығындар%

Жал бойынша міндеттемелердің азаюы

Жал бойынша міндеттемел қалдығы

02.01. 2015 ж.

200 000

75 800

124 200

633 800

02.01.2016 ж.

200 000

63 380

136 620

497 180

02.01.2017 ж.

200 000

49 718