Тәжірибелік жұмыстар

 

«Керемет» АҚ «Операциялық сегменттер» 8-ХҚЕС-на сәйкес 2006 жылы қараша айында сегменттер бойынша қаржылық ақпарат (сегменттік есептілік) принциптерін анықтау мақсатында шығарылды.

 

 Тапсырма:

1)  Сегменттік есептілікті құру негізінде жатған басты принципті түсіндіріңіз, және 8-ХҚЕС қолданылуына сипаттама беріңіз.

2)  Кәсіпорынның өз операциялық сегменттерін қалай анықтайтындығын түсіндіріңіз. Осы процесс негізінде қандай логикалық негіздеме жатқанын атаңыз, және 8-ХҚЕС-ның бұл бөлімі мамандар пікірінше неге сай келмейтінін түсіндіріңіз.

3)  Есептік сегменттерге қатысты талап етілетін сипаттама ақпаратпен қоса сандық мәліметтерді қосатын барлық ашуларды атаңыз.

4)  «Керемет» компаниясы жыл сайын 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін қаржылық есептілікті дайындайды. Операциялық басқарма бойынша жоғары орган бизнестің бес сегменттері бойынша есептерді қабылдайды. Осы сегменттер бойынша мәліметтер төменде көрсетілген:

 

Сегмент

Түсім

Пайда

Активтер

Компания ішінде

Сыртқы клиенттерден

А

35000

4000

4100

15500

В

Ноль

18000

1200

6000

С

Ноль

9000

600

4000

Д

Ноль

5000

400

2000

Е

Ноль

3000

200

1800

Барлығы

35000

75000

6500

29300

 

«В» сегмент «А» сегментіне тасымалдау нәтижесінде түсім алады.

 

Тапсырма:

Жоғарыда аталған бизнестің сегменттері компанияға 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін жеке сегменттік есепті ұсынатындығын немесе ұсынылмайтындығын түсіндіріңіз. Егер бизнес сегменті жеке есептік сегмент болып табылмаса, онда сегменттік есепте қалай ұсынылатындығын түсіндіріңіз.