Тәжірибелік жұмыстар

 

Тапсырма:

 

 1. Ұйым қызметкеріне 700 опциондар ұсынылды. Опциондардың орындалу бағасы 100 000 теңге, егер ол 4 жыл осы ұйымда жұмыс жасаған жағдайда. Опционның орындалу көлемі 3 жылда ұйым табысының өсімінің 3% жағдайында 60 000 теңге құрайды. Құқықты ұсыну күніне сыйақының әділ құны 100 000 теңге бағасымен 34 000 теңге құрады, ал 60 000 теңге орындалу бағасы бойынша - 35 000 теңге.

2014 жылы ұйым кірісі 4%ға өсті, ал 2015 жылы - 3%ға.

Тапсырма. Сыйақы шығындарын есептеу.

 

2. Ұйым өз қызметкерлеріне 1 000 акцияның нарықтық құн өсімі сомасында сыйақыға құқық ұсынды. Ұсыну күніне, 2014 жылдың қаңтарында акция курсы 3 000 теңге құрады, ал 2014 жыл соңында - 4 000 теңге, 2015 жыл соңында - 3 400 теңге.

 

Тапсырма. Сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелер сомасын есептеу қажет.