Тәжірибелік жұмыстар

 

Тапсырма:

 

Жұмыстың аяқталу дәрежесі бойынша кірістер мен щығыстарды анықтау

Мердігер белгіленген 1200000 құнмен объект құрылысына келісімшарт жасасады. Бастапқы бағалауға сәйкес келісімшарттың сметалық құны 900000 құрады. Келісімшарт бойынша объект құрылысының аяқталу мерзімі – 3 жыл.

1 жыл соңында келісімшарттың сметалық құны 950000 дейін жоғарылады.

3 жыл ішінде тапсырыс беруші ауытқулар сомасын бекітеді, нәтижесінде келісімшарт бойынша табыс сомасының 100000-ға көбейді, сонымен қатар келісімшарт бойынша шығындар сомасы 50000-ға көбейеді.

Келісімшарттың аяқталу дәрежесін анықтау келісімшарт бойынша жалпы шығындардың есептік мөлшеріндегі есептік кезеңіндегі өндірілген шығындардың үлесін есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Кейін келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарын орындау кезеңдері бойынша мәліметтер ұсынылды:

 

Кесте – Есептік кезеңдер бойынша құрылыс жұмыстарын орындау

 

Баптар атауы

1 жыл

2 жыл

3 жыл

Келісімшарт бойынша кіріс

1200000

1200000

1300000

Ағымдық мерзімдегі келісімшарт бойынша шығындар

400000

650000

950000

Келісімшарт бойынша жұмысты аяқтауға кеткен шығындар

500000

300000

-

Келісімшарт бойынша шығындардың жалпы сомасы

900000

950000

950000

Есептелген пайда

300000

250000

350000

Келісімшарт бойынша жұмыстың аяқталу сатысы

44,44%

68,42%

100%