Тәжірибелік жұмыстар

 

Тапсырма:

 

1. 2013ж. 1 қаңтарында «Х» ұйымы «У» ұйымының әрқайсысына 4 500  теңгеден 4 мың жай акциясын және 500 000 (номинал бойынша) сомасында 10% артықшылықты өтелетін акциясын сатып алды. Аталған күні «У» ұйымының жинақталған пайдасы 8 400 000 теңгені құрады.

Төменде 2014 жылдың 31желтоқсанындағы жағдай бойынша екі ұйымның баланс жобалары көрсетілген:

 

1-  кесте. 2014 жылдың 31 желтоқсанына ұйымның бухгалтерлік балансы

мың тг.

Активтер

Х

У

Айналымнан тыс активтер

 

 

 

 

Негізгі құралдар

42 450

 

22 220

 

 «У»-ға инвестициялар

 

 

 

 

Қарапайым акциялар

18 000

 

-

 

Артықшылықты акциялар

500

60 950

-__

22 220

Ағымдағы активтер

 

 

 

 

Қорлар

9 850

 

6 590

 

Дебиторлық берешек

11 420

 

3 830

 

Банктегі ақша қаражаттары

490

21 760

-___

10 420

Активтер жиыны

 

82 710

 

32 640

Капитал және міндеттемелер

 

 

 

 

Капитал және резервтер

 

 

 

 

Қарапайым акциялар (номинал 1 000)

10 000

 

5000

 

Бөлінбеген пайда

52 640

62 640

15 280

20 280

Айналымнан тыс міндеттемелер

 

 

 

 

10%-дық вексельдер

12 000

 

4 000

 

10%-дық артықшылықты

 

 

 

 

өтелетін акциялар

-

12 000

2000

6 000

Ағымдағы міндеттемелер

 

 

 

 

Кредиторлық берешек

5 600

 

3 810

 

Операциялық овердрафт

-

 

570

 

Салықтар

2 470

8 070

1 980

6 360

Капитал және міндеттемелер жиыны

 

82 710

 

32 640

 

Қосымша ақпарат:

а) «У» негізгі құралдарына есептілікке бастапқы құны 5 млн. теңге бойынша енгізілген ірі жер телімі кіреді. «Х» ұйымымен «У» ұйымын сатып алу сәтінде оның әділ құны 7 млн. теңгені құрады, ал 2014ж. 31 желтоқсанында 8,5 млн. теңгеге дейін өсті. Топтың есеп саясатына сәйкес, жер телімі есептілікте амортизацияны есептемей, әділ құны бойынша көрсетілуі керек.

ә) одан басқа, «У» ұйымын сатып алу күні оның негізгі құралдары құрамында әділ құны баланстық құннан 4 млн. теңгеге артық жабдық болды.  Оның қалған пайдалы қызмет ету мерзімі 5 жылға тең. Топтың есеп саясаты бойынша амортизацияны бірқалыпты есептеу қолданылады. «У» басқа да таза активтерінің әділ құны шамамен олардың баланстық құнына тең;

б) жыл ішінде «У» ұйымы 1,8 млн. теңге сомасында «Х» тауарларын сатты. «У» баға саясатына сәйкес, барлық тауарлар өзіндік құнға 20%-дық үстеме қосу арқылы сатылуда. 2014ж. 31 желтоқсанында «Х» қорлары құрамында трансферттікбағасы 450 000 теңгені құрайтын тауарлар болды.

2014ж. 31желтоқсанында бас және еншілес ұйымның ағымдық шоттарындағы қалдық 240 000 теңгені құрады, сатып алған күннен бастап гудвилл 1 488 000 теңгеге құнсызданды.

 

Тапсырма:

а) 3-ХҚЕС«Бизнесті біріктіру»сәйкес 2014 жылдың 31желтоқсанындағы жағдай бойынша «Х» шоғырландырылған балансын әзірлеу.