Кіріспе

Заманауи сатыда бухгалтерлік есеп пен есептіліктің дмуы интеграциялық үдерістердің күшеюі жағдайында жүзеге асырылуда. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ендіру мен оларды кеіңнен қолдану халықаралық стандарттармен бекітілген қаржылық есептілікті ұсынудың бірыңғай ережелері шеңберінде дайындалған пайдалы және салыстырмалы ақпаратты талап ететін әлемдік экономика жаһандануының дамуымен шартталған.

Қазақстан Республикасында Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына тарихи өту сатылы түрде жүзеге асырылды, яғни Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына өтуден бұрын Қазақстан бухгалтерлері үшін дайындық базасы ретінде пайдаланылған бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарының қолданылуынан бастау алды. Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша даярлау мен қайта даярлау және бухгалтерлік есеп бойынша ШОБ, ҚСХҚЕС практик-мамандар үшін ХҚЕС-на сәйкес қаржылық есептілікті ұсынудың белсенді үдерісі жалғасуда.

Бухгалтерлік есеп жүйесінің реформалануы мен болашақта дамуы бухгалтер-практиктердің кәсіби деңгейін тұрақты жоғарылатуға қойылатын талаптардың күшеюі, және “Ілгерілемелі қаржылық есеп” секілді жаңа пәндерді қоса оқу бағдарламаларын жаңашаландыру қажеттілігімен жоғары оқу орындарында “Есеп және аудит” мамандығы бойынша студент-бакалаврлар мен магистрлерді даярлау үдерісін жетілдірумен сипатталады. “Ілгерілемелі қаржылық есеп” пәні қаржылық есепті меңгерудің келесі сатысы және бухгалтерлік есепте мамандандырылған магистранттарды даярлауда кәсіби деңгейін жоғарылату мен оқыту үшін дайындалған.

Бұл пәнді меңгерудің мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымның қаржылық есептілігін құру үшін қажетті есептің күрделі тараулары бойынша ақпаратты дайындау, жүйелеу және ұсыну дағдыларын игеру мен жетілдіруден құралады. Пән міндеттеріне қаржылық жал есебі; қаржы құралдарын тану, бағалау және есебі; корпоратив арасындағы инвестициялар есебі мен бағалау; бірлескен қызметке қатысу жөнінде ақпаратты ұсыну, валюталық бағам өзгерісі әсерінің есебі, сегменттік ақпаратты ұсыну және т.б. жатады.

Оқу құралында ұсынылған материал оқу жоспарында қарастырылған “Ілгерілемелі қаржылық есеп” пәнінің тарауларын меңгеруге мүмкіндік береді. Әр тарау соңында бақылау сұрақтары, тестілер және бақылау тапсырмалары берілген. Оқу курсының мазмұны “Ілгерілмелі қаржылық есеп” курсының типтік бағдарламасына толықтай сәйкес келеді.

“Есеп және аудит” мамандығының магистранттары, сонымен қатар оқытушылар мен бухгалтерлердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдармандарына ұсынылады.