Авторлар

                          

 

 

 

 

ТУЛЕШОВА  ГУЛЬНАР  КУАНЫШОВНА

 

                                                          э.ғ.д.

                                           

 

 

 

 

 

08.00.12 «Бухгалтерлік есеп, аудит, статистика» мамандығы бойынша Экономика ғылымдарының докторы, бірқатар оқу құралдары мен оқулықтардың авторы, оның ішінде:

2013 ж. «ҚСХҚЕС және есептеу әдісіне сәйкесҚазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік: қолданудың практикалық аспекті», Б.1, 2006, «Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік», Б.2, 2006, «Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік, «Дамыған қаржылық есеп» (оқулық), «Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесі» (монография) және т. б.

Қазақ  Мемлекеттiк басқару академиясының ПОҚ арналған, Британдық кеңес қолдауымен ұйымдастырылған программасы бойынша оқуын бітіріп, Ұлыбритания, Шотландия алқаби бухгалтерлер институтының куәлiгiне ие болды.

Маастрихт менеджмент мектебінде (Голландия) және Боккони университетінде (Италия) ЕО «ТАСИС» программасы бойынша оқуын бітіріп, диплом алды.

ҚР Қаржы министірлігінде жүзеге асырылатын ҚР мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік секторындағы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚСХҚЕС) сәйкес есептеу әдісіне өту туралы ҚСХҚЕС бойынша EREC (USAID) және МЕР (USAID) макроэкономикалық жобалардың және мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін одан әрі жетілдіру бойынша жобаның,бас кеңесші. Аудиторлық қызметте және мемлекеттік мониторингте тәжірибесі бар.

 

 

 

 

 

 

        АКИМОВА БИБИГУЛЬ ЖАРМУХАМЕТОВНА 

                                

                                             э.ғ.к.

 

 

 

 

 

 

Акимова Бибигуль Жармухаметовна экономика ғылымдарының  кандидаты, 25 жылдан астам бухгалтерлік есеп, аудит және талдау,  аймағында ғылыми және педагогикалық қызмет атқарады, 60-дан астам ғылыми жарияланған мақалалардың, оның ішінде ҚР БжҒМ ұсынылған бір оқу құралы, ОӘБ РФ жоғары оқу орындарымен бірлескен 3оқу құралы авторы.

ҚР кәсіби бухгалтерлерін даярлау үшін «ХҚЕС сәйкес Бухгалтерлік есеп» оқу құралын дайындауға қатысты. Оқулықтарға, оқу құралдарына, ҚР БжҒМ баспалары ұсынған басылымдарға сын пікір жазуға қатысты.

Әр жылдары бухгалтерлік қызмет, орталықтандырылған бухгалтерлердің аға инструкторы, Семей қаласындағы облыстық кәсіподақта экономист, ҚР бухгалтерлік есебі бойынша Ұлттық комиссиясының Семей қаласының аймақтық басқарма бастығы қызметін атқарды.  

Студенттер мен магистранттардың ғылыми жетекшісі, кәсіби бухгалтерлердің кандидаттық емтихан жұмыстарын сертификаттау комиссиясының мүшесі болып табылады.

 

 

 

 

 

САПАРБАЕВА САУЛЕ САУЛЕБАЕВНА

 

э.ғ.к., доцент м.а
 

1971ж. 30 наурызда  Алматы қаласында туылды. 1993 «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп және шарашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша Қазақ ауылшаруашылық институтын аяқтады. 2010 жылы 08.00.12 «Бухгалтерлік есеп. Аудит және статистика» мамандығы бойынша диссертациялық жұмысын қорғады. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының доценті міндетін атқарады.

Өзінің алдыңғы қатарлы экономикалық жоғары оқу орнындағы еңбек жолында ҚР БҒМ-нің грифімен басылып шыққан. «Қаржылық есеп 1», «Қаржылық есеп 2» типтік оқу бағдарламаларының соавторы болып табылады. ҚР БҒМ-нің эксперттік комиссиясының құрамында бірнеше рет 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығына арналған «Қаржылық есеп 1», «Қаржылық есеп 2», «Бухгалтерлік есеп қағидалары» пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларын сараптауға қатысты.

2010 жылдан бастап «Евразия» Халықаралық Академиясының корреспондент-мұшесі болып тағайындады.

2010 жылдан бастап Еуразия ұлттық университетінің «Есеп, аудит және талдау» кафедрасының доценті қызметін атқарады, 2011-2012 жылдар аралығында аталмыш кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. 

Ғылыми-педагогикалық тәжірибесі барысында 1 монография, 3 оқу құрал, 50-ден астам ғылыми-әдістемелік мақала дайындады.

Сапарбаева С.С. үнемі өзінің кәсіби біліктілігін жоғарлатумен айналысады (2011ж – Франция, 2014ж.- Германия).